Әрекет пе, әуре ме?

Биыл ылғалдың аз түсуі шаруаларды біраз әуре-сарсаңға салар түрі бар. Мұны ғалымдар да ескертіп-ақ жатыр. Ол үшін ғылымдағы жаңалықтарға мән берген абзал. Мәселен, АҚШ пен Канада фермерлері химиялық заттарды барынша аз мөлшерде қолдануға негізделген технология ойлап шығарды. Қазір осы әдісті даласы қуаң тартқан, жылдық ылғал мөлшері 320-330 мм Ресейдің Ростов облысы мен Ставрополь өлкесі қолданысқа енгізіп көрмек. «Бұл технология суармалы егістікте қолданылмайды. Алқаптардың ерекшеліктеріне қарай, үлкен жапырақты және қатты тамырлы, дәнді дақылдардың тұқымдары себіледі. Жер жыртуға анкер немесе диск, Қостанай облысының шаруаларында көп кездесетін азутіс соқалар да жарай береді. Дәстүрлі технологияда егін егу жолдары негізінен монодақылдарға негізделген. Арамшөпті жоюдың топырақты аударып тастаудан басқа әдісін білмейтінбіз. Мұндай жағдайда топырақтың патогенді микрофлорасы ұлғайып, көміртегі мөлшері азаяды. Ал, жаңа технологияда бидай, арпа, рапс, жүгері, күнбағыс сияқты дақылдарды жылы және салқын кезеңдерде кезек-кезегімен, алқаптарын ауыстырып егу ұсынылады. Осылайша, гербицидтерді қолданбай-ақ, арамшөптердің көлемін 13 есеге дейін кемітуге болады», – дейді «ҚазҒЗИ АШМжЭ» ЖШС Қостанай филиалының директоры Владимир Астафьев.

Тұқымға субсидия

Ауыл шаруашылығының жаңа маусымы жуық жылдарда облыстың агроөнеркәсіп кешенідегі даму бағытын айқындап бермек. Алдағы бес жылға нақты мақсат қойылып отыр: еңбек өнімділігі мен өңдеу өнеркәсібінің өнімдері экспортын кем дегенде 2,5 есеге дейін ұлғайту.

– 2018 жылы егін шаруашылығындағы меже – 286 млрд теңгенің өнімін өндіру. 33 млрд теңге өсім. Ол үшін егін алқаптарының құрылымы жасалды. Биыл 5 млн 229 мың гектарға егін себілмек. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тұқыммен толықтай қамтамасыз етілді, – дейді облыс әкімінің орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов.

Тұқым шаруашылығындағы ретсіздіктер туралы жыл сайын айтылады. Әсіресе, Жітіқара, Науырзым, Меңдіқара және Алтынсарин аудандарында ұзақ жылдардан бері тұқым жаңалау жұмыстары жүргізілмеген.

Мақаланың толық нұсқасын электронды жазылу үшін төлем жүргізгеннен кейін оқи аласыз.   Жазылу>>

Пікірлер