АСАН МЕН ҮСЕН

Ыбырай атамыздың осы тектес әңгімесі бар. Бүгінгі біз көтерер мәселе де осы тақылеттес. Адамзаттың ақылы толысып, қоғамның бет-келбеті өзгерген заманда мұндай әңгіме айтылмас деп ойласаңыз, қателескеніңіз. Тіпті, жер бетінде байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық ХХІ ғасырда ең жоғарғы шегіне жетіп, әлемдік деңгейде ең түйткілді мәселеге айналды.

Былтыр байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық рекордтық деңгейге жетті. Әлемдегі сегіз мультимиллиардердің байлығы жер бетіндегі 3,6 миллиард халықтың жалпы жағдайынан асып түскен. Дәулетті адамдардың байлығының 1 пайызы жер бетіндегі адамдардың 50 пайызының дүние-мүлкіне сәйкес келеді.

Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық тақырыбы батыста Томас Пикеттидің «ХХІ ғасырдағы капитал» атты кітабы жарыққа шыққаннан кейін қызу талқыға салына бастады. Автордың айтуынша, қазіргі капитализм – ауқаттылардың заманы. Олар байыған үстіне баюда. Соның салдарынан әлеуметтік теңсіздік өршіп, бұл құбылыс экономикалық өсімге кері әсер етіп отыр. Томас Пикетти: «Біздің бүкіл тарихымыздағы капитал теңсіздіктің тереңдеуіне негізделіп келген. Бұл тенденцияны түсіндіру оңай. Үнемі толығып жатқан байлық ғаламшардағы халықтың 1% ғана қолына жинақталып жатыр. Бұл өз кезегінде кірістің өсіп, шығыстың азаюына алып келеді. Қаржыға қатысты ең басты түйткіл осында», – дейді.

Рас, кез келген қоғам қара мен төреден құралған, кез келген қоғамда Асан мен Үсендер болады. Жердің беті ала-құла, бар мен жоқ. Қазақта да бай мен кедей болған. Қазақта кез келген есімнің соңына «бай» деген жалғау берген, ал «кедей» деген сөз жоқ. Демек, қазақтың психологиясында кедей болу деген дұрыс емес деген сөз. Ал, Абай былай дейді: «Байлық пен кедейшілікті жаратқан – құдай, ал бай қылған, кедей қылған құдай емес».

Соңғы жылдар бедерінде, нақтырақ айтқанда, статистика бойынша 2016 жылдың соңынан бастап жағымсыз әлеуметтік үрдіс байқалып отыр. Батыста емес, өзіміздің Қазақстанда. Еліміздегі бай мен кедейдің арасында шыңырау пайда болды. 2017 жылдың қорытындысы бойынша ең дәулетті деген ел тұрғындарының 10 пайызының жалпы табысы осынша көлемдегі әлеуметтік тұрғыдан ең аз қамтылғандарының жалпы табысына шаққанда алты есеге өскен.

Мақаланың толық нұсқасын электронды жазылу үшін төлем жүргізгеннен кейін оқи аласыз.   Жазылу>>

Пікірлер