ГМО: аштан емес, астан өлмейік

ГМО-ның пайда болуының себебін ғалымдар жер шарында адам санының кенеттен жыл санап өсіп келе жатқанымен байланыстырады. Статистикаға көз жүгіртетін болсақ, 1800 жылы жер бетіндегі адамдар саны 1 млрд, 1929 жылы 2 млрд болса, соңғы 50 жылдың ішінде 7 млрд дейін өскен. Енді, 2050 жылға дейін 9,5-11 млрд адамға көбейеді деген болжам бар. Жер шары осыншама адамды асырай алмауы мүмкін. Адам дүниеге келіп өмір сүруі үшін жарық, ауа, қорек қажет. Жарық пен ауа өз алдына, жер бетіндегі пенделердің аштыққа шыдамасы анық. Сондықтан да, ғалымдар ГМО арқылы әлем тұрғындарын аштықтан аман алып қалудың жолын тапқан сыңайлы.

БҰҰ-ның статистика мәліметіне жүгінсек, биыл 795 млн адам аштықтан зардап шегіп отыр. Және де жыл сайын аштықтың салдарынан 5 жасқа дейінгі 11 миллион сәби көз жұмады. Аштық жайлаған елдердің адыңғы қатарында Африка елдері тұр. Африканың  аштықтан қырылып жатқан тұрғындарын құтқару үшін «Билл және Мелинда Гейтстердің қайырымдылық қоры» мен ГМО биотехнологиясын өндіруші Дэвид Рокфеллердің «Рокфеллер қоры» бірлесіп жоба жасаған болатын. Олардың қаржыландырып отырған ортақ жобалары «Африкадағы жасыл революция Алянсі» деп аталды. Оны басқару тізгіні БҰҰ-ның бұрынғы хатшысы Кофи Аннанға бұйырған еді. Жоба аясында ГМ-жүгері өндіріліп, таратыла бастады. Не себептен екені белгісіз, Африка елдері соңғы жылдары ГМ-өнімдерді өз шекараларына тасымалдауға рұқсат бермей келеді. «ГМО жер шарындағы адамзат баласын аштықтан құтқармақ түгілі, ұрпақсыз қалдырып, мүлдем жойып жіберетін жойқын күшке айналуы мүмкін» деп ғалымдар дабыл қағып жатыр.

Қазақстан ГМО-ға қарсы ма?

Елімізде ГМО туралы әлі күнге нақты көзқарас пен саяси шешім қалыптаса қойған жоқ. 1998 жылы Қазақстан Үкіметі гендік модификацияланған бидайды еліміздің аумағына кіргізуге тыйым салғаны есімізде. Одан кейін бұл тақырып жабық күйінде қалғандай еді. Тіпті 2000 жылға дейін жағдай бақылауға да алынбаған.

Мақаланың толық нұсқасын электронды жазылу үшін төлем жүргізгеннен кейін оқи аласыз.   Жазылу>>

Пікірлер