Қоғамдық кеңес құзыреті арта ма?

Жемқорлыққа жол бермеу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, жергілікті бюджеттердің игерілуі туралы мәселелерді талқыға салу. Бұл – 2016 жылдың басында құрылған қоғамдық кеңестердің негізгі жұмысы. Аталмыш ұйым осы міндетін толық атқара алып отыр ма? Билік құрылымына кеңес мүшелерінің сөзі өтіп жүр ме?

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) қоғамдық кеңестердің тиімділігі туралы арнайы сараптама жасады. Зерттеу барысында анықталғандай, 48% астам сарапшылар қоғамдық кеңестерді тиімсіз немесе пайдасы мардымсыз деп көрсеткен. Орталық органдар жанындағы кеңес мүшелерінің 17% осындай пікірде. Ал, облыстағы өкілдіктерде ешкім олай есептемейді екен.

Жақында Астана қаласында қоғамдық кеңестердің екі жылдық жұмысы қорытындыланды. Сол мәжіліске біздің өңірден барған бір топ делегация құрамында Аманкелді аудандық кеңесінің төрағасы Есім Жетпісбайұлы да болды.

«Көптеген мәселелер айтылды. Кейін бұқаралық ақпарат құралдарынан білгеніміздей, күн тәртібінде 600-ге тарта сұрақ қаралыпты. Оның шешімін 5 желтоқсанда білеміз. Мәжілістің қаулысы шыққалы жатыр. Көбісінің айтқаны – кеңестің құзыретін арттыру. Оларға арнайы көлік, бас қосатын орын керек. Бұл да айтылмай қалмады. Бізге үлгі ретінде Алматы қаласы мен Жамбыл облысы қоғамдық кеңестерінің жұмысы көрсетілді. Жуылмаған автобустар, қақпағы жабылмаған құдықтар секілді мәселелер қоғамдық кеңес мүшелерінің араласуымен реттелген. Біз де анау айтарлық түйткілдерге араласпағанмен, құзыретімізге сай жұмыс істейміз. Мысалы, соңғы талқыға салған мәселе – қараусыз қалған ғимараттарға биліктің назарын аудару. Жалпы, менің түсінігімде қоғамдық кеңестер халық пен билік арасындағы дәнекер ұйым. Жарғыда бір тоқсанда кем дегенде үш рет бас қосуымыз көрсетілген, ал біз кейде бес-алты мәрте жиналамыз. Әрине, мұның бәрі кеңеске тиесілі жұмыстың барын көрсетеді. Бүгінде Аманкелді аудандық қоғамдық кеңесінің 15 мүшесі бар. Орта жас – 40-50 шамасында. Екі адам ғана зейнеткерміз. Отыз жасқа дейінгілер – төртеу. Ал мемлекеттік органнан екі адам тартылған. Дені – әлеуметтік сала мамандары», – дейді Есет Жетпісбайұлы.

Мақаланың толық нұсқасын электронды жазылу үшін төлем жүргізгеннен кейін оқи аласыз.   Жазылу>>

Пікірлер