Не ішіп, не жеп жүрміз?…

«Егер заңға тіл бітсе, ол ең алдымен заң шығарушыларды айыптар еді»
 Дж. Галифакс, саясаткер

Газетіміздің өткен жылғы №51 нөмірінде (28.12.2017) «ГМО: Аштан емес, астан өлмейік» атты мақала жарық көрген. Онда халықтың не ішіп, не жеп жүргені әңгіме болған еді. Біз бүгін сол тақырыпты одан әрі жалғастырып отырмыз.

Энергетикалық сусындар жүйкеге әсер етеді

Бүгінгі жастар шаршағанын басып, сергек жүру үшін энергетикалық сусындардың көмегіне көп жүгінеді. Тіпті, мұндай сусындарды қолдану кейінгі буын арасында сәнге айналғандай. Күш беретін «сиқырлы сусындарға» мектеп оқушылары да, студенттер де құмар.

Энергетикалық сусындардың денсаулыққа зиян екенін медицина дәлелдесе де, еліміздегі сауда нүктелерінде еркін сатылып жатыр. Өткен жылдың соңында Парламент отырысында болашақ ұрпақтың саулығы үшін алаңдаған Мәжіліс депутаты Сәкен Қаныбеков энергетикалық сусындар саудасына тыйым салуды ұсынды. Мәжіліс депутаты Үкіметке жолдаған сауалында энергетикалық сусындардың құрамында зиянды заттар барын, ол заттар жасөспірімдердің психологиясына кері әсер етіп, жүйке жүйесін құртатынын алға тартты. «Дәрігерлер өскелең ұрпақтың энергетикалық сусындарға тәуелділігін, мұндай сусындардың кез келген ортада тосқауылсыз сатылатынын, оған деген жарнаманың көбейгенін айтып дабыл қағуда. Өйткені аталған сусын түрлері психотроптық зат санатына жататын көрінеді. Ол біріншіден, адамдардың жүйке жүйесін бұзады екен. Құқық қорғау органдары да энергетикалық сусынды шамадан тыс тұтынатын жастар темекі мен есірткіге әуестеніп, бұзақылыққа жиі барады дегенді айтып отыр.

Сондықтан жасөспірімдер арасында мұндай сусындарды сатуға тыйым салу қажеттігін, сатылған жағдайда әкімшілік жаза тағайындау керектігін ұсынамыз», – дейді депутат.

Халық, қалаулысының ұсынысы негізінен ұлттың саулығы, қауіпсіздігі. Бұл алаңдаушылықты медицина мамандары да, ата-аналар да қолдайтыны даусыз. Алайда Үкімет бұл ұсынысқа қаншалықты қарайды, мәселені шешуде қандай шаралар қабылдайды? Бізге осы жағы ойландырады. Бұлай деуімізге себеп те жоқ емес. Энергетикалық сусындарға қатысты депутаттар бұған дейін де талай мәрте мәселе көтерген. Медицина мамандарының да бұл сусындардың кері әсерін айтып шырылдап жүргеніне көп болды. Бірақ нәтижесіз.

Энергетикалық сусын түрлерін көбінесе сынақ уақытында өздерін сергіту мақсатында студенттер, түнгі уақытта жұмыс істейтін жұмысшылар, түнгі клубқа келушілер мен сонда жұмыс істейтін адамдар көптеп тұтынады. Оны көлеңкеде отырып қызмет ететін өзіміз де анда-санда қолданып қоямыз. Энергетикалық сусындар көңіл-күйді көтеріп, ой әрекетін жақсартады-мыс.

Ұсынылған нұсқаулықтарға сенсек, кофеинге негізделген сусындар түнде жұмыс істеп, сабақ оқитын студенттер мен қызметкерлерге арналған, ал дәруменді-көмірсулы сусындарды бос уақытын спортзалда өткізгісі келетін белсенді адамдарға пайдаланады. Энергетикалық сусындарды белгіленген мөлшерлемеге сай тұтыну қатаң талап етіледі. Максималды мөлшер күніне 2 құты сусыннан келеді. Мөлшерден асыру қан қысымының немесе қан құрамындағы қант деңгейінің көтерілуіне әкеп соғуы мүмкін.

Сергіткіш сусындардың денсаулыққа, әсіресе, жастар денсаулығына зиян екенін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары да растаған. Сусындағы кофеин концентрациясы өте жоғары болса немесе оны алкогольмен араластырып ішкен адам өмірмен қош айтысуы да мүмкін. Алайда энергетикалық сусындардың қуат беретінін жақсы білетін жастар оның кері әсеріне назар салуға құлықсыз.

Кейбір дерек көздеріне сүйенсек, еліміздегі 15 жастан асқан жасөспірімдердің 45% газдалған сусын тұтынады. Оның ішінде синтетикалық кофеин, таурин, көмірқышқыл газынан тұратын энергетикалық сусындарды тұтынатындары да бар. Ал синтетикалық жолмен алынған кофеиннің зияны шаш етектен. Энергетикалық сусынның бір құтысында синтетикалық жолмен алынған кофеин 3-4 есеге жоғары болады екен. Бұл адам ағзасына кері әсерін тигізеді, сонымен бірге, тәттілік заты басым сусын қандағы қант деңгейін жоғарылатады. Зат алмасу процесі бұзылып, бауыр мен бүйрек жұмысы нашарлайды.

Мақаланың толық нұсқасын электронды жазылу үшін төлем жүргізгеннен кейін оқи аласыз.   Жазылу>>

Пікірлер