ПИК кетсе, МИБ келеді

Еліміздегі тұрғын үйлерді басқару жүйесіне жақын арада реформа жүргізіледі. Пәтер иелері кооперативтері (ПИК) таралып, олардың орнына Мүлік иелері бірлестіктері (МИБ) құрылмақ.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» туралы заң сонау 1997 жылы қабылданыпты. Содан бері заңға 52 өзгеріс енгізілген. Алайда, құжат осы уақыт ішінде көздегеніне жеткен жоқ. Елімізде кондоминиум объектісін тиімді және сапалы басқарудың жүйесі әлі қалыптаспай келеді. Халықтың пәтер иелері кооперативі жұмысына көңілі толмайды. Оның себебі де жоқ емес. Біріншіден, тұрғындардан жиналатын қаражаттардың жұмсалуында ашықтық жоқ. Екіншіден, ПИК бір емес бірнеше тұрғын үйлерге қызмет көрсетеді. Нәтижесінде, саны көп, сапасы жоқ. Қазіргі күні ПИК бір шот ашады, онда барлық үйлерден жиналған ақша түседі, сондықтан бір үйдің қаржысы өзге үйді күтіп-ұстау үшін жұмсалатыны тағы бар. Оның үстіне, ПИК төрағаларының үй-жай (пәтерлер) меншік иелерінің қаражаттарын өздерінің бас пайдасына жұмсаған оқиғаларын да құлақ естіп, көз көріп жатады. Тұрғындар осы кезге дейін өздерінің сұрақтарына жауап іздеп, түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдарды, әкімдіктен бастап, тұрғын үй инспекцияларын, прокуратураны, соттарды, депутаттарды және т.б. кондоминиум объектілерін басқару және күтіп-ұстау мәселелері жөнінде арыздармен, өтініштермен, турасын айтқанда, көміп тастады.

Сондықтан, жаңа заң түзетін уақыт жетті дейді мамандар. Жаңа құжат «Бір үй – бір бірлестік» қағидасы бойынша жұмыс істеуді көздейді. Яғни, әрбір үйдің өз бірлестігі болады.

Мақаланың толық нұсқасын электронды жазылу үшін төлем жүргізгеннен кейін оқи аласыз.   Жазылу>>

Пікірлер