Шамнан қайтқан қазақтар…

(сурет көрнекілік үшін интернеттен алынды)

Кеңестік заманда атеистік ілімінің негізін қалаған Ленин «Дін – халыққа апиын» деген еді. Адам баласы дінді ақыл-парасатпен түсінбесе, рухани азады, адами бейнесі тозады. Өкінішке қарай, қазақ қоғамы қазір мұны бастан кешіп отыр...

Қазақстан діни радикализммен күресті кеш бастады. Мұны дін мамандары да мойындайды. Сирияға қазақстандықтар легімен кетті. Дені жастар. Олардың басты кінәсі – діни сауатсыздығында еді. Себебі, оларға Құран мен қарудың қатар жүрмейтінін тәптіштіп түсіндірген ешкім болмады. Біз имамдар мен кәсіби теологтарды оқытуды енді ғана қолға алдық.

Ең сорақысы, қазір Шам елінде біздің қанша қандасымыздың жүргені белгісіз. Тіпті атынан ат үркитін елдегі Ұлттық қауіпсіздік комитеті де дөп басып айта алмай отыр. Бәлкім бес жүзі, мүмкін мың әлде одан да көп...

Бүгінге дейін халықаралық лаңкестік ұйымдар лагерьлерінен, сондай-ақ үшінші елдердегі транзиттік инфрақұрылымдардан Қазақстанның 125 азаматы қайтарылған көрінеді. Олардың 57-сі террористік әрекетке қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. ҚР Сыртқы істер министрлігі тиісті органдармен бірлесе отырып, 2017 жылдың наурыз айынан бастап 11 қазақстандық азаматты, оның ішінде 2 әйел, 9 баланы елге жеткізді.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараты бойынша қазіргі таңда Ирак пен Сирияда 16 жасқа дейінгі 400-ге жуық қазақстандық балалар бар. Бүгінге дейін олардың 60-тан астамы ғана оралған. Шамамен тағы 50 бала елге қайтарылмақ.

Бағдад қаласында «Салихия» жетімдер үйінде 3 бала Қазақстанның азаматы ретінде тіркелген. Алайда, олардың аты-жөні және ата-анасы туралы нақты ақпарат жоқ. Сонымен қатар, «Русафа-6» түзету мекемесінде Қазақстанның төрт әйелі балаларымен тіркелгені анықталды.

Мақаланың толық нұсқасын электронды жазылу үшін төлем жүргізгеннен кейін оқи аласыз.   Жазылу>>

Пікірлер