Төл өнердің орны – төр

Мамыр айының ортасында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Мен қазақпын» атты халықаралық мегажобаның басталатынын жариялаған-тұғын. Еліміздің барлық аймағын қамтып жатқан іс-шара Қостанайда жалғасын тапты. Үміткерлерге қандай талап қойылды? Қостанайлық өнерпаздардың шабысы қандай?
Телевизиялық мегажоба қазақ халқының төл өнері, соның ішінде жыр-термелері мен күйлерін бүгінгі заман талабына сай жаңартып, өскелең ұрпаққа жеткізуді мақсат тұтады. Ол үшін арнайы топ әрбір облысты аралап, жобаға қатысушыларды іріктейді. Оқ бойы озық шыққандар телевизиялық байқауға жолдама алады. Жобаға Қазақстан азаматтарынан бөлек, Ресей, Қытай мен Моңғолия жерінде тұратын қандастарымыз да қатыса алады.
«Елбасы рухани жаңғыру жөніндегі жалпыұлттық идеяны жариялағанда жаңғыру үдерісі міндетті түрде елдің ұлттық рухани тамырынан нәр алуы тиіс екенін атап өткен болатын. Біздің рухани тамырымыз – ата-бабадан мирас болып қалған салтымыз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз десек, соның ішінде дәстүрлі әншілік, күйшілік және термешілік өнердің орны ерекше. Осы бірегей өнерді лайықты дәріптеу – елдік, бірлік идеясын іске асырудың аса ұтымды құралы. Осыны ескере отырып, біз, министрлік пен «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Мен қазақпын» атты телевизиялық мегажобаны ұсынып отырмыз», – деді журналистерге берген сұхбатында Дәурен Абаев…

Пікірлер