Түрленген тариф

2018 жылдың қаңтар айынан бастап, Қазақстанның бірқатар өңірлерінде коммуналдық қызмет тарифтерінің бағасы артты. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстанда жарық 5% өскен. Ал, Ақтөбеде салқын су 3%, жылу тарифі 10% қымбаттаса, Шығыс Қазақстанда жарық 5,9% өскен. Қостанайда салқын су бағасы көтеріледі. Жалпы, статистика комитетінің мәліметінше, коммуналдық қызмет бойынша ең көп шығындар Астана қаласында (бір шаршы метр үшін 42,95 теңге) және Алматыда (бір шаршы метріне 40,87 теңге) байқалады. Үшінші орында – Қостанай (бір шаршы метр үшін 39,5 теңге). Коммуналдық төлемдері ең арзан аймақ – Талдықорған.

Елімізде енді тариф белгілеудің жаңа әдісі енгізілмек. Өткен аптада Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин Мәжіліс депутаттарына «Табиғи монополиялар туралы» жаңа заң жобасын таныстырды. Қазіргі қолданыстағы «Табиғи монополиялар туралы» заң 1998 жылы қабылданған екен. Соңғы 3 жылда құжатқа 200-ден астам түзету енгізіліпті. Жалпы, тарифтік саясат төңірегінде Қазақстан қалып келеді. Еуроодақ елдері тарифтік саясатқа 15 жыл бұрын, ал Ресей 5 жыл бұрын реформа жасаған.

Сонымен, жаңа заңның жаңалықтарына тоқталайық. «Заң жобасымен тарифті белгілеудің жаңа ынталандырушы әдісін енгізу жоспарланып отыр. Бұл әдіс инвестицияларды тартуға, операциялық шығындарды төмендетуде субъектілерді ынталандыруға, олардың тиімділігін арттыруға бағытталған. Егер де тарифтерді қалыптастыру мен бекітудің тетігіне тоқталсақ, онда олардың қызмет ету кезеңі 5 және одан артық мерзімді құрайды», – деді ол.

Жұманғариннің сөзіне қарағанда, тариф үш негізгі құрамдауыштан тұрады: субъектілердің операциялық шығыстары; инвестицияланған капиталға кірісі; инвестициялық капиталдың қайтарылуы. Өз кезегінде операциялық шығыстар екі топқа бөлінеді, яғни қадағалаудағы шығыстар мен бақыланбайтын шығыстар ескерілген. Қадағалаудағы шығыстарға жөндеу жұмыстарына бағыталған қаржы, қызметкерлердің еңбегін төлеу қоры мен өндірістік процесті қамтуға қажетті өзге де шығындар, әкімшілік шығыстар жатады. Бақыланбайтын шығындар деп ұйымдар іске асыратын қызметтерді төлеуге, салық пен алымдарға жұмсалатын қаржыны айтады. Себебі, бұл қаржылық шығыстар субъекті тарапынан қадағаланбайды.

Елдегі коммуналдық қызметтер саласындағы ең өткір проблемалардың бірі – коммуналдық желілердің тозуы.

Мақаланың толық нұсқасын электронды жазылу үшін төлем жүргізгеннен кейін оқи аласыз.   Жазылу>>

Пікірлер