Түстіктен – теріскейге…

2018 жылы оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару квотасы 5 есе артпақ. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова баяндады. Оның айтуынша, 2017 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында оңтүстік облыстардан солтүстік өңірлерге 381 отбасы немесе 1479 адам көшіп келген.

– Келесі жылы қоныс аударудың өңірлік квотасын 5 есе арттыру, яғни 1700 отбасыға дейін немесе 7 мыңға жуық адамға дейін жеткізу жоспарланған, – дейді Тамара Дүйсенова. Сондай-ақ, министр азаматтарды өз еркімен қоныс аударуға ынталандыру үшін, кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға, сонымен қатар, оқыту жүйесін жақсартуға бағытталған бағдарлама тетіктерін жетілдіру бойынша бірқатар өзгерістер мен толықтыруларды Үкімет қарауына ұсынды. Оңтүстіктен көшіп келгендерді тұрақты жұмысқа алып, олардың орнығуын мойнына алған жұмыс берушілерге келер жылдан бастап 450 АЕК көлемінде субсидия берілмек. Ол үшін 2018 жылға бөлінген қаржы – 1,082 млн теңге.

– Дәл осы мақсатта жаңа бизнес-идеяларды дамыту үшін 100 АЕК дейін (240 мың 500 теңге) гранттар бөлу қарастырылуда, – дейді министр.

2016 жылдың шілде айында, Оңтүстік Қазақстан облысынан шамамен 1 мың отбасы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша солтүстікке көшіп келуге дайын екендігі хабарланған-ды. Бұның негізінде оларға жаңа тұрғылықты жерінен пәтер беріледі деген. Алайда 2017 жылдың басында қоныс аудару талаптары өзгертілді: баспана берудің орнына оларға көшуге және бір жыл көлемінде пәтер жалдауға қаражат берілетін болды.

Қостанай облысында оңтүстіктен көшіп келгендерді орналастыру картасы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша құрылып жатыр.

Мақаланың толық нұсқасын электронды жазылу үшін төлем жүргізгеннен кейін оқи аласыз.   Жазылу>>

Пікірлер