Үй мен күй

Қазақстанның тұрғын үй несиелендіру саясатында жаңалық көп қазір. Мемлекет «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламалары арқылы түрлі жеңілдіктер ұсынып отыр. Берілген мүмкіндіктің бірі – ипотекалық несиені субсидиялау.

 

Субсидия мөлшері – 10%

Мамандардың айтуынша, бағаны анықтаушы екі маңызды фактор бар. Бірі – халықтың төлем қабілеті болса, екіншісі – екінші деңгейлі банктердің ипотекалық несиелендіру саясаты. «Үкімет айлық пен әлеуметтік төлемдерді екі-үш жылда тұрақты түрде 20-30% көбейтуде. Әйткенмен, бұдан халықтың табысы молайып кетпейді. Өйткені, бұл инфляция жұтып қоятын қаражат. Ал, негізінде, тұрғындардың төлем қабілеті, әлеуметтік жағдайы әлі де жетілдіруді қажет етеді», – дейді Қостанайдағы жылжымайтын мүлік агенттігі өкілі Юлия Николенко. Оның пайымынша, Қазақстан бұл мәселеде Ресейден үлгі алуы керек. «Осыдан 15 жылдай бұрын Қазақстандағы ипотекалық сауда қарқыны Ресейден қалыс қалмайтын. Қазір керісінше болып кетті. Екі елдің экономикалық жағдайының өзгеру векторлары шамалас. Инфляция мен халықтың төлем қабілеті де бірқалыпты қозғалады. Олай болса, Ресейде ипотека қалайша тиімді жұмыс істеп жатыр? Бар мәселе осы саладағы мемлекеттік саясатта жатыр, – дейді агенттік өкілі. – Ресей үкіметі бірнеше жыл бұрын ипотекалық қарызды субсидиялау бағдарламасын қабылдады. Осы арқылы мемлекет халыққа дайын үй салып бергеннен гөрі, одан да сол қаражатқа халықтың ипотекалық қарызын төлеуге көмектесудің он есе тиімді екенін байқады. Нәтижесі қазір жаман емес. Тіпті, олар әр өңірдің өзіндік ерекшелігіне қарай түрлі бағдарлама ашқан. Әр бағдарлама жергілікті халықтың тұрмыс ерекшеліктеріне қарай икемделген. Бізде де субсидиялау қолға алынады деп жатыр. Егер дұрыс жолға қойылса, бірер жылда нәтижесін беруі тиіс»…

Пікірлер