Үшінші сектордағы үнсіздік…

Қазіргі қазақ журналистикасында жеткілікті дәрежеде жазылмай, егжей-тегжейлі талданбай келе жатқан тақырыптардың бірі – еліміздегі үкіметтік емес ұйымдардың қызметі. Тілшінің тісі батпайды емес, анығында біздегі үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі төмен. Үкіметтік емес ұйым дегеніміз не? Үшінші сектор неге үнсіз?

Анықтама: Үкiметтiк емес ұйым – ортақ мақсаттарға жету үшiн азаматтар және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ерiктi негiзде құрған коммерциялық емес ұйым. Олардың құрылуына және қызметіне үкіметтік, яғни, мемлекеттік мекемелер мен құрылымдар қатыспайды және араласпайды.

Қазір елімізде 19 680 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оларда 29 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында соңғы 2 жылда ҮЕҰ құны 23 миллиард теңгеден асатын 4 мыңнан астам әлеуметтік жобаны іске асырыпты. Ал, 2016 жылдан бастап жобаларды мемлекеттік грант арқылы қаржыландыру әдісі енгізілді. Осы уақыт ішінде жалпы құны 800 миллион теңгеден асатын, 70-ке жуық жоба іске асырылған.

Алайда, отандық үшінші сектор әлі де бір жүйеге келтірілмеген, яғни, қазіргі уақытта өз міндетін толық атқарып отыр деп айту қиын. Өткен аптада Мәжіліс депутаттары коммерциялық емес ұйымдардың қызметі туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Мақаланың толық нұсқасын электронды жазылу үшін төлем жүргізгеннен кейін оқи аласыз.   Жазылу>>

Пікірлер