Жастар шетел асуға неге құштар?

Қазақстандық жастардың шамамен 10% елден кетуді жоспарлап отыр. Бұл Фридрих Эберт атындағы неміс қорының «Орта Азия жастары» жобасының аясында жүргізген сауалнамадан шыққан қорытынды. Аталмыш зерттеу жұмысы болашаққа болжам жасауға және еліміздің өңірлерін дамытуға байланысты саяси-экономикалық бағдарлама құруға көмектеседі.

Германияның социал-демократиялық партиясына тікелей қатысы бар Фридрих Эберт атындағы қордың басшылығы өткен дүйсенбіде Алматы қаласында «Орталық Азия» жастары жобасының қорытынды кездесуін өткізді. 2014 пен 2016 жылдар аралығында неміс еліндегі ең ықпалды қорлардың бірі Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның 14-29 жас аралығындағы 1 мың жас азаматына сұрау жүргізген. Бұған әр елдегі барлық өңірдің жастары қатысты. Олардың арасында қалалықтар мен ауыл тұрғындары да бар.

Орта Азия елдерінде тұратын жастарға өмірдің әр қырларынан қойылған сұрақтардың жауаптары үлкен-үлкен кітаптарға басылған. Олар тек әлеуметтанушылар мен саясаттанушыларды ғана емес, билік жүргізуші органдардың өкілдерімен қатар, шолу жасайтын қоғамдастықтарды да қызықтырары анық. Себебі, бұл жарияланымдар қоғамдық көңіл-күй мен халықтың қажеттіліктерін білуге көмектеседі. Осылайша аймақтың саяси-экономикалық дамуын жоспарлауға айтарлықтай үлесі тиеді.

Сауалнамада қойылған сұрақтардың ішінен Орта Азия жастары кіммен тұратыны мен күнделікті өмірде қандай тұрмыстық аспаптарды пайдаланатынан бастап, өз елдеріндегі саяси жағдайлар жайлы ойы мен әртүрлі ұлт өкілдеріне деген қарым-қатынастарына дейін кездестіруге болады.

Мақаланың толық нұсқасын электронды жазылу үшін төлем жүргізгеннен кейін оқи аласыз.   Жазылу>>

Пікірлер