Белсіздік пен бедеулік белең алып тұр…

Еркектердің белсіздігі мен әйелдердің бедеулігі белең алып барады деп дабыл қағады дәрігерлер. Еліміздің бас урологы Мырзакәрім Алшынбаев скринингтен өткен 25 мыңнан астам ер азаматтың тексеріс нәтижесін жария етті. Еркектердің 30% белінен қуат кеткені белгілі болды. Қалғандарының ұрық сапасы тым төмен. Мамандардың мәлімдеуінше, еліміздегі отбасылардың 35% бала сүю бақытына ие бола алмайды. Бұл – осыншама үйде «Бесік жыры» айтылмайды деген сөз. Бұл – осыншама жағылмаған шырақ, туылмаған бала деген сөз...

Андрологтардың айтуынша, ерлердің ұрық белсенділігі 100% болуы керек болса, көпшілігінікі 50% жетпейді. Тіпті 7% дейін төмендеп кеткен. Еркектердің белсіздігі мәселесі бүгінде тар ауқымнан шығып, ғаламдық масштабтағы мәселеге айналып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдегендей, 1990 жылдары 1 миллилитр ұрықта 60 миллион сперматозоид болатын болса, ол үлкен көрсеткіш саналатын. Ал бүгінде ерлер денсаулығының нашарлауынан 1 миллилитрде 20 миллион сперматозоид табылса, соны қанағат тұтатын дәрежеге жетіп қалыппыз. Сол себептен де еркектердің белінің беделі №1 мәселеге айналатын түрі бар.

Мақаланың толық нұсқасын электронды жазылу үшін төлем жүргізгеннен кейін оқи аласыз.
Жазылу>>

Пікірлер