Жастарды ғылымға қалай тартамыз?

Кезінде еліміздің жоғары оқу орындарында еңбек ету ғылымға бет бұрған жастар үшін абырой еді. Бүгінде бұл үрдіс мүлде жоғалды десе де болады. Керісінше, аталған мекемелерде ғылым жолына түскісі келетін жастардың тұрақтауы өзекті мәселеге айналып бара жатқандай. Себебі ғылыммен айналысқысы келетін жастардың алатын айлығы төгетін теріне сәйкес келмейді. Еңбекақылары мәз емес. Бұл «ғылым саласына қыруар қаражат бөлінді» дейтін ақпаратқа керағар көрсеткіш емес пе? Осы және ғылымның дамуы, жас ғалымдардың жағдайы, оларды ынталандыру, т.б. мәселелер туралы мамандарға сауал қойған едік.

 Елена ВАСИЛЬЧУК, экономика ғылымдарының кандидаты:

– Менің ғылым саласында жүргеніме 30 жылға жақын уақыт болды. Осы жылдар ішінде Қазақстанның экономикалық құлдырау дәуірін де көрдік. 1990 жылдары ғылымның жағдайы өте мүшкіл болатын. Ол кезде ғылыми қызметкерлер 0,25-0,5 жүктемеде жұмыс істеп, 5-10 мың теңге айлық алды. Дәл қазіргі таңда да солардың, яғни, ғылыми қызметкерлердің жағдайы одан көтерілді деуге келмейді. Жиырма жылда еліміздің экономикалық жағдайы қаншалықты өскенімен, ғылымға көңіл жоғары деңгейде бөлінбей келе жатыр дей аламын. Ғылымда жастар неге тұрақтамайды десек, біріншіден, еңбекақы өте аз. Нақты фактімен айтсам, бізде кіші ғылыми қызметкерлер – 20 мың, ал, ғылым кандидаттары 35 мың теңге алады.

Біз ғылыми-зерттеу жобаларымен жұмыс істейміз. Сол жобалар үлкен конкурстардан өтеді. Жобаны алу жолдарының өзі өте қиын. Үш жылға жоспарланған ғылыми жобаларға қанша көз майымызды жұмсағанымызбен, оған қосымша ақша төленбейді. Сол бір айлық. Ғылым жолында жүрген жастардың айлығын жекеменшік мекемелер, тіпті, мектеп мұғалімдерінің жалақысымен салыстыруға келмейді. Ғылымның жұмысы өте ауыр. Кейбіреулер университеттегі ғылым мамандарының жағдайы жақсы деуі мүмкін. Бұлар ғылымның жай-күйін академиктер мен докторлардың еңбекақысымен саралайтындар. Ғылымның қара жұмысы деген болады. Оны кішкентай қызметкерлер істейді. Мысалы, жазған дүниелерді компьютерге теру, оны баспаға дайындау, корректор, редактор, бұлар қанша көз майын тауысса да, мардымсыз еңбекақыны қанағат етеді. Жастар ғылымына көңіл бөлу осыдан басталуы керек.

Мақаланың толық нұсқасын электронды жазылу үшін төлем жүргізгеннен кейін оқи аласыз.   Жазылу>>

Пікірлер