Біз туралы

Жалпы ақпарат

Құрметті оқырман!

«Нұрлы таң» қоғамдық-саяси газеті 2017 жылдан бастап жарыққа шықты. Қостанай облысының аумағында қазақ тілінде таралатын екінші басылым.

12-20 беттен тұратын газеттен түрлі тақырыптар аясында шолу, сараптамаларды, сондай-ақ қоғамда болып жатқан оқиғалар турасында мақалалар мен репортаждарды оқи аласыз.

Газетіміздің Астана, Алматы, Атырау және Қостанай қалаларында елге салмақты мақалаларымен, ізденістерімен танылған тұрақты авторлары бар. Олар: Ермек Зәңгіров (Алматы), Азамат Есенжол (Астана), Гүлжан Марқабай (Астана), Баян Жанұзақова (Атырау), Абылай Мауданов (Қостанай).

Басылымда барлық саланы қамтуға тырысамыз. Мәселен, әлем және Қазақстан саясатындағы өзгерістер жайын білгісі келгендер үшін «Әлем. Саясат», «Мемлекет. Маңызды» айдарлары, ауыл шаруашылығы мамандары үшін «Агро. Өнім», экономика саласындағы жаңалықтарды оқығысы келгендерге «Экономика. Қаржы», әдебиет, мәдениет, тарих тақырыбын сүйіп оқитындар үшін «Сөз. Мұра», «Мәдениет. Өнер», «Тарих. Таным» айдарлары, діни құндылықтар жөнінде «Дін. Діңгек», спортсүйер қауымға «Спорт. Дода» және жастарға арналған «Жас. Жігер» айдарлары бар.

Біздің газет мұғалімдер мен кітапханашылар үшін де көмекші құрал. Оларды көбіне «Білім. Ғылым», «Ұлт. Тұлға» айдарлары қызықтырады.

Қоғамдағы мәселелер де назарымыздан тыс қалмақ емес. «Өткір. Өзекті», «Қоғам. Мәселе», «Әлеумет. Тұрмыс» айдарларында айналамыздағы түйткілді проблемалар жөнінде салмақты мақалалар, белгілі сарапшылардың пікірлері беріліп отырады.

Арнайы жобаларымыз да бар: «Жат жердің топырағы бұйырғандар» – өзге елде жерленген қандастарымыз туралы; «Туған жер туралы аңыздар» – Тобыл-Торғай өңіріндегі жер-су атауларына қатысты. Бұл жобалардың мақсаты – руханиятымызға қоғам назарын аударту, ел үшін еңбек сіңірген тұлғаларды, аңызға толы ел тарихын таныстыру. Бұл – біздегі жобалардың басы ғана. Редакция ұжымы мұндай жұмыстары одан әрі жалғастыра бермек.

Осы жоғарыда айтылған дүниелермен біздің газеттің nurlytan.kz интернет ресурсы арқылы да танысып отыруыңызға болады. Ол үшін газеттің электронды нұсқасына да жазылуға болады.

Нақты ұсынысыңыз болса айтыңыз, оны да елеп-ескеріп, назарымыздан тыс қалдырмауға тырысамыз.

Пікір алмасып, ой бөлісіңіз! Бізбен бірге болыңыз!

Эл.пошта: nnurlytan@mail.ru
Телефон: 8 (714 2) 91-74-73

 

Уважаемый читатель!

          Общественно-политическая газета «Нұрлы таң» выпускается на территории Костанайской области с 2017 года и является вторым изданием на государственном языке.

12-20 полосной газете освещаются события не только по Костанайской области, но и всей страны. Публикуются комментарии и мнения аналитиков по теме экономики, финансов, бизнеса, спортивных и культурных событий. Издание оперативно предоставляет достоверную информацию о политике, событиях в мире, публикует аналитические статьи и прогнозы.

Авторами материалов являются известные журналисты городов Астана, Алматы, Атырау и Костанай, среди них: Ермек Зәңгіров (Алматы), Азамат Есенжол (Астана), Гүлжан Марқабай (Астана), Баян Жанұзақова (Атырау), Абылай Мауданов (Қостанай).

Газета  содержит такие рубрики, как «Әлем. Саясат», «Мемлекет. Маңызды», для интересующихся сельским хозяйством — «Агро.Өнім», ознакомиться материалами направленные на экономические события можно в рубриках «Экономика. Қаржы», для любителей литературы, искусства, истории есть рубрики «Сөз. Мұра», «Мәдениет. Өнер», «Тарих. Таным», важнейшие религиозные ценности освещаются в рубриках «Дін. Діңгек», для наших спортивных читателей — «Спорт. Дода» и рубрика, посвященная нашей молодежи — «Жас. Жігер».

«Нұрлы таң» является ценным помощником для учителей и библиотекарей. Обычно их интересуют рубрики: «Білім. Ғылым», «Ұлт. Тұлға».

Нами большое внимание уделяется общественным вопросам.  В рубриках  «Өткір. Өзекті», «Қоғам. Мәселе», «Әлеумет. Тұрмыс» поднимаются важнейшие проблемы нашего региона с мнениями авторитетных экспертов.

В газете «Нұрлы таң» есть специальные проекты, такие как  «Жат жердің топырағы бұйырғандар» – о наших предках, захороненных в других странах; «Туған жер туралы аңыздар» – об истории появления родных краев  Тобыл-Торгайского региона. Цель данного проекта – обратить внимание общественности на духовное наследие, показать наших героев, ознакомить с историей народа, ставшей легендой.

Это только наши первые шаги. Коллектив редакции намерен продолжить эти начинания и представить вашему вниманию и другие интересные проекты.

Со всеми вышеуказанными рубриками вы можете ознакомиться на сайте газеты www.nurlytan.kz и подписаться на электронную газету  «Нұрлы таң».

Если у вас есть интересные  предложения, мы всегда готовы их рассмотреть.

Делитесь мнениями, оставляйте свои комментарии! Будьте всегда с нами!

Эл.почта: nnurlytan@mail.ru
Телефон: 8 (714 2) 91-74-73

 

Біздің ұжым

Ерғасымова Жұмагүл Маратқызы 1976 жылы 5 наурызда Қостанай облысы,
Жангелдин ауданының  Шилі ауылында дүниеге келген.

1993 жылы орта мектепті үздік тәмамдап, Рудный педагогикалық колледжінің филология факультетіне қабылданды.

1996 жылы колледжді үздік аяқтап, Қостанай қаласындағы №7 орта мектепте қазақ тілі пәнінен сабақ берді.

1997-2001 ж. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде білім алды.

2000-2001 ж. «ТВ-25» арнасында қазақ тіліндегі жаңалықтар бөлімінің редакторы, «Көкейтесті сұхбат» бағдарламасының авторы, тележүргізуші қызметтерін атқарды.

2010-2015 ж. Қостанай облыстық «Қостанай-Агро» газетінің директоры.

2017 ж. бастап Қостанай облыстық саяси қоғамдық «Нұрлы таң» газетінің бас редакторы.

Тұрмыста, екі баланың анасы.

Қанғожин Аслан Жақсылықұлы 1985 жылы 20 қазанда Қостанай облысы, Жангелдин ауданында туған.

2007 ж. Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ түлегі.

2007-2008 ж. Жангелдин аудандық «Біздің Торғай» газетінде тілші, редактор болып істеді.

2008-2010 ж. Қостанай аудандық «Көзқарас-Взгляд» газетінде, 2009-2016 ж. «Қостанай-агро» аймақтық қоғамдық-саяси басылымында, 2010-2016 ж. Қостанай аудандық «Арна» апталығында тілші болып істеген.

2017 ж. бастап Қостанай облыстық «Нұрлы таң» қоғамдық-саяси газеті бас редакторының орынбасары.

2013 жылы Қостанай облысының журналистері арасында ұйымдастырылған байқаудың «Жігер» номинациясында жеңімпаз атанған.

Үйленген, бір баласы бар.

Байдрахман Алмас Мұратбекұлы 1998 жылы 22 қарашада Жангелдин ауданының Аралбай ауылында дүниеге келген.

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің 3 курс студенті. Алмастың алғашқы жұмыс орны – 2017 жылдан бастап шыға бастаған облыстық «Нұрлы таң» газеті. Осы басылымда тілші болып жұмыс істейді. Жақсы көретін тақырыптары: білім-ғылым, техника, индустрия, денсаулық, спорт, және т.б.

Бос уақытында спортпен айналысып, футбол ойнағанды, кітап оқығанды ұнатады. Достарымен бас қосып, киноға барады.

Алмас өмірде қамқор, шығармашыл, қарапайым.

Марқабаева Гүлжан Төлеуқызы 1987 жылы 7 тамызда Науырзым ауданы, Егінсай ауылында дүниеге келген. 2004-2008  жылдары Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ журналистика мамандығы бойынша білім алды. Үшінші курс та оқып жүргенде «Қазақстан-Қостанай» облыстық телеарнасына жұмысқа қабылданады. 2010 жылы Астана қаласына ауысып, «Қазақстан» ұлттық арнасында әуелі жаңалықтар бөлімінде, кейін «Апта.кz» сараптамалық бағдарламасында жұмыс істеді. Қазір «Хабар» АҚ тілшісі. Қарапайымдылықты жақсы көреді. Сүйікті жазушысы – Төлен Әбдік.

«Нұрлы таң» газетінің тұрақты авторы, «Үкімет. Парламент» бетін жүргізеді. Оқырман қауымға өткір сыни мақалаларымен де танымал.

Мнайдаров Алмат Асқарұлы 1985 жылы 13 шілдеде Қарасу ауданының Майский ауылында дүниеге келген.

2009 жылы З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің экономика-қаржы факультетін бітірген.

2014 жылы «Дом солнца» студиясын ашып, фото, видео түсірумен айналыса бастады.

«Нұрлы таң» газетінде бет қаттаушы-дизайнер болып жұмыс істейді.

Алматтың мінезі ашық, қарапайым, қайырымды.

Есенжол Азамат Есенжолұлы 1979 жылы 1 қаңтарда Аманкелді ауданы Қабырға ауылында өмірге келген. 1995-2000 жылдары С.Сейфуллин атындағы Ақмола Аграрлық университетінің инженер-педагог факультетін бітірген. Одан кейін Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетінде оқыған. 2000-2006 жылдары Аманкелді ауданы әкімі аппаратының Ішкі саясат бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.. 2006 жылдан бері Астанада тұрады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Баспасөз қызметінің бас маманы, республикалық «Мәдени мұра» журналының жауапты хатшысы, республикалық «Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі секілді қызметтерді атқарды. Қазіргі таңда республикалық «Астана ақшамы» газетінің шолушысы. Көркем әдеби, тарихи және деректі публицистикалық кітаптарды оқығанды ұнатады.

«Нұрлы таң» газетінде «Сұхбат. Пікір» айдарының тұрақты авторы.

Жанұзақова Баян Атайманқызы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультетін бітірген. Қазақ тілі мен әдебиетінің бакалавры. Еңбек жолын республикалық «Алтын Орда» газетінде мәдениет, бұқара және тілшілермен байланыс бөлімінде журналист болып бастады. Кейін Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінде бас маман болып еңбек етті. 2010 желтоқсан айы мен 2017 жылдың наурыз айы аралығында облыстық «Атырау» газетінде қоғамдық-саяси бөлім меңгерушісі болып қызмет етті. 2017 жылдың сәуір айынан бастап, Атырау коммуникациялар қызметі бөлімінің жетекшісі.

2017 жылдан «Нұрлы таң» газетінің тұрақты авторы, саяси шолушы.