Құралай ҚОЙШЫБАЕВА: Омыртқаңды түзетем десең, ойыңды күзет!

Омыртқа – адам бойындағы басты тірек. Оның сәл қисаюының өзі адам денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Жас, жыныс талғамайтын омыртқа дертінің түрі санқилы. Денедегі «діңгекті» қалай дұрыс сақтай аламыз? Аурудың алғашқы белгілері қандай? Ортопед-дәрігер, емші Құралай Қойшыбаева сұрақтарымызға жауап берді.

– Құралай Тұрсынбекқызы, омыртқаның қисаюын, орнынан қозғалуын медицина тілінде сколиоз дейді. Осы жас-кәріні алаңдатқан аурудың қалай алдын аламыз?
– Омыртқа – бұлшық ет, сіңір, шеміршектен тұрады. Мен омыртқасы қисайған, сынған, жарылған немесе шеміршек қызметі бұзылған жандарды емдеймін. Осының бәрі қай кезде пайда болады? Адам өз-өзіне есеп бермегенде. Өз қателігінен. Ауыр затты ыңғайсыз көтергенде омыртқа орнынан тайып кетіп жатады, сондай-ақ саламатты өмір салтын ұстанбаудың кесірінен, оқыс қимыл жасағанда жүйке жүйелері қысылып қалуы мүмкін. Суды аз ішу омыртқадағы шеміршекті құрғатады. Дәруменсіз тағамдарға үйір болмаңыз, сүйекті әлсіретеді. Қазақта «түзу жүр», «түзу тұр», «түзу жат» деген түсініктер бар. Адам дұрыс жата білу де керек. Қытайлар мен жапондар неге жерге жатады? Өйткені, жер адам омыртқасын әркез бірқалыпты деңгейде ұстайды. Жұмсақ жатын орындары туралы бұлай айта алмаймын. Ендеше, біз неге керуеттерге әуес болып кеттік?…

Один комментарий

Пікірлер