Жайлы жатып, жақсы тұрыңыз!

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, әлем халқының тең жартысы ұйқысыздықтың қандай да бір түріне шалдыққан. Жылдан-жылға олардың саны артып келеді. Бұрындары бұл дерт егде жастағыларда көбірек кезіксе, қазір ұйқының жоғалуы жастар арасында да көптеп тараған.

Ұйқыңыз тыныш болсын!
Адам баласы ғұмырының үштен бірін ұйқыда өткізеді. Мамандар қазіргі кезді өткен ғасырмен салыстырғанда, адамдар арасында ұйқысыздық 20 пайызға артқандығын байқаған. Ұйқысыздықтың шалдығуына түрлі факторлар себеп. Біріншіден, күйзеліс, уайымшылдық, әрдайым ашуланшақ күйде жүру. Содан соң, бүйрек қызметінің бұзылуы, аллергия және онкологиялық дерттер себеп бола береді. Кейде адам дертті тілеп алады. Кофе, ішімдік пен темекіні шектен тыс қолданып, түнде тыным таппай, қызық қуалап, күндіз жастықтан бас көтермей, ұйқы кестесін бұзады. Бұның бәрі өз кесірін міндетті түрде тигізеді. Негізі, ғалымдар «ұйқысыздық» диагнозын аптасына үш рет көз шырымын ала алмаған (қанша тырысса да) адамға ғана қоюға кеңес береді. Кімде-кімнің ұйқысы бұзылса, алдымен оның пайда болған себеп-салдарын нақтылап, бірден мамандарға көріну керек…

Пікірлер