АӨК: соны серпін

Өңірде көктемгі егіс науқанының басталғанына 10 күннен асты. Биыл диқандар 5,2 млн гектарға дән себеді. Бүгінге дейін жоспардың төрттен бірі ғана орындалған. Жаңбыр қолайсыздық тудырып тұр. Әйтсе де, шаруалар маусым айының басына дейін дән себу жұмыстарын бірыңғайламақ.

Құжаттар саны қысқарды

Қостанай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандары көктемгі дала жұмыстарының қарқынды жүріп жатқанын айтады. Күніне орташа есеппен 250 мың гектар жерге дән сіңіріледі. «Жанар-жағармай жөнінен мәселе туындап отырған жоқ. Шаруалар сатып алған 48 мың тонна өздеріне жеткізілді. Әзірге бір литрі 126 теңгеден сатылып жатыр», – дейді ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Сәлімжан Есенаманов…

Пікірлер