Барымызды бағалап жүрміз бе?

Қостанай облысындағы туризм әлеуеті қандай? Түйткілдер түйіні қалай шешіліп жатыр? Тобыл-Торғай өңірі шетелдік туристерді қай ғаламатымен қызықтырып жүр? Сұрақтарға мамандар жауап беріп көрсін.

Талғат КҮТЕНБАЕВ,

Қостанай облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық басқармасының Туризм, лицензиялау және сауда бөлімінің басшысы:

Облыстық бюджеттен туризм саласына қатысты іс-шараларды өткізу және ұйымдастыру үшін 2017 жылға 14 млн теңге қарастырылған. Бұл бағытта 2016-2020 жылдарға арналған арнайы жоспар құрылған болатын. Осы жоспар аясында жыл сайын түрлі семинарлар, халықаралық, аймақтық туристік көрмелер ұйымдастырып тұрамыз. Қостанай қаласында ақпараттық-туристік бюро жұмыс істейді. Бюро арқылы туристерге 26 бағыт ұсынылады. Қаланың қақ ортасында ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі мен облыстың демалыс орындарына жолдамалар сатылатын дүңгіршек ашылды. Кез келген азамат өңірдегі туризм жайлы ақпаратты сол жерден де ала алады…

When a man needs to quit smoking, here you can download the application that helps

Пікірлер