Бюджет 2016: қазына қаржысы қайда жұмсалып жатыр?

Өткен аптада, дәлірегі 7 маусымда Астанада ҚР Парламенті Мәжілісінде Үкіметтің 2016 жылға республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі таныстырылды. Тай-тұяғы қалмай жиналған министрлер жыл басында сұрап алған қаржыларын қайда және қалай жұмсағаны жөнінде есеп берді. Енді ше, судың да сұрауы бар.
Анықталғандай, ортақ қазынаның қаржысы талан-таражға түсіп кетпесе де, дұрыс игерілмеген, тиімсіз жұмсалған. Былтыр, яғни 2016 жылы 268 млрд теңге тиімсіз жұмсалса, 36 млрд теңге игерілмеген. Қаржыны игермегендердің басында Дін және азаматтық қоғам мен Қорғаныс министрлігі тұр, бұл тізімде тіпті қаржы министрлігі де бар болып шықты. «Осы олқылықтарды қалай түсіндіруге болады? Қаржы министрлігінің өзі қаржы тәртібін сақтайтын министрлік ретінде не себептен осындайға жол берді екен?» деген депутат Омархан Өксікбаевтың сұрағына Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 53 лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тартқанын айтып, жауап берді. Бірақ, 268 млрд тиімсіз жұмсалған қаржы үшін жауапқа тартылғандар туралы тіс жармады министр. «Тиімсіз қаражатты пайдалану кейде жоспарлаудан шығады. Сондықтан, биыл біз жоспарлау кезінде, әкімдіктер өтінімдерін дұрыс бермеген жағдайда, құжаттарға немесе басқа да талаптарға сәйкес келмесе, жауапкершілікке тартамыз» деп қана құтылды…

Материалды 15.06.2017 шыққан №23 санынан оқыңыз

Пікірлер