Қаржы пирамидасының қақпаны неге қапқыш?

Өткен жылы еліміздің Ішкі істер министірлігінде қаржы пирамидасына қатысы бар 350 қылмыстық іс қаралса, биыл төрт ай ішінде 351 алаяқтық фактісі тіркелген. 2016 жылы аңқаулықпен қалтадағы ақшасынан оң мыңнан астам ел тұрғындары айырылған. Түпкі мақсаты бесенеден белгілі алдаушылар қармағына адамдар неге түсе береді осы?

Жақында Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан елімізде заңсыз түрде «Questra World» атты қаржылық компанияның жұмыс істеп жатқанын айтып, Бас прокурор Жақып Асановтың атына депутаттық сауал жолдаған болатын. Халық қалаулысы аңқау халық «сен инвесторсың» деген сөзге сеніп, бар ақшасын пирамидаға салып жатыр деді.
«Халқымызды қаржылық білім тұрғысынан білімді деп айта аламыз ба? Жоқ, айта алмаймыз. Себебі жыл сайын жаңа атпен шығатын қаржы пирамидаларына ақшасын салып, одан опық жеп, инсульт алып, несиесін жаба алмай, ағайынмен керісіп жатқан адамдар өте көп. Сайлаушыларымыз осыны жеткізуді бізге аманаттап тапсырды», – деді Бекболат Тілеухан. Сауалды прокуратура жауапсыз қалдырмады…

Пікірлер