Миллиардтар желге ұша ма? Зейнетақы қоры не бүлдіріп жатыр?

Күллі қазақстандықтардың қарттық қамы үшін тиындап жинап жатқан зейнетақы қорындағы қаражаттың банкрот алдындағы Әзербайжан банкіне салынып кеткені туралы хабар, өткен аптадан бері БАҚ біткенде, ғаламтор кеңістігінде, одан қалды әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Әшейінде, оптимистер мен пессимистер болып екіге бөлінетін алаң қазір бірігіп кеткендей. «Осы біздікілер қатырады, ә». Сірә әжуа, сірә таңданыс. Әйтеуір, әлеуметтік желі атаулыдағы пост біткеннің басынан аяғына дейін қалдырылған пікірлердің дені осындай.

Белгісіз банк. Банкрот және біз

Расымен де, біздікілер қатырады. Қазақстанның осы уақытқа дейін өзін «инвестицияға мұқтаж емес елміз» деп мәлімдегенін естіген бе едіңіз? Өз басым естімедім. Әсіресе, еліміздің ауыл шаруашылығы саласы инвестицияға айрықша мұқтаж деп ойлаймын. Бұл – біріншіден. Екіншіден, қарттықтың қамы үшін сақталып жатқан қаражат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншігі емес. Мейлі әңгіме бір тиын, бір теңге туралы болса да, осы пікірді қайталаған болар едім. Ал, бұл жерде әңгіме 71,6 миллиард (!) теңге туралы болып отыр.

Пікірлер