«ПОЛИМЕТАЛЛ» ПАЙДАСЫН БІЛЕДІ немесе «рокировка» рәуіші

«Алтын шыққан жерді белден қаз» дейді қазақ. Ресейлік «Полиметалл» компаниясы одан да терең қазып жатқан сыңайлы. Қазақстанда екі бірдей активі бар (Қостанай облысындағы Варвара кен орны мен ШҚО-дағы Қызыл кеніші) инвестор тағы бір кен орнынан үлес алып жатыр.

 Үшінші жоба және үлкен жоспар

Солтүстіктегі көршіміздің бағалы металл өндіруші «Polymetal International plc» компаниясы Қостанай өңіріндегі Шығыс-Тарутин кен орнына 85% үлеспен иелік ететін болды. Ал, олардың Ресей бөлігіндегі алтын мен мыс өндіруге лицензиясы бар «Восточный Базис» серіктестігі толығымен (100%) «Русская медная компанияның» («РМК») қарамағына өтпек.

Бұл «рокировка» ешқандай тиын-тебенсіз немесе дивиденд-сыйақысыз, акция айырбасы ғана. Мәмілеге сай, қос компанияның құжат алмасу процесі екінші тоқсанда толықтай аяқталуға тиіс. Қазір тек құзырлы органдардың келісімін күтіп отыр.

Екі елдің шекарасына жақын аймақты алып жатқан кен орнының көп бөлігі Қазақстан жағында. Қарабалық ауданы аумағында орналасқан «Шығыс-Тарутин» кен орнының лицензиялық ауданы 66,4 шаршы шақырымға дейін жетеді. Әрі осы аумақта инфрақұрылым жақсы дамыған. Теміржол магистралі иектің астында, қуатты электр жүйесі бар. Автожол да сайрап жатыр.

Мақаланың толық нұсқасын электронды жазылу үшін төлем жүргізгеннен кейін оқи аласыз.   Жазылу>>

Пікірлер