Тағы кейінге қалды…

Рудныйдағы цемент зауытының іске қосылу уақыты тағы кейінге шегерілді. Наурыздан – маусымға. Зауыт жұмысы 2018 жылдың наурыз айында басталады делінген уәде 2017 жылдың қараша айынды берілген-ді.

Ол кезде инвестициялық жобаның бастамашысы, «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамының бұрынғы президенті Мұхамеджан Турдахунов облыс әкіміне «іске қосуды күн жылығанша кейінге қалдыруды» сұраған-ды. Енді тағы жаңа мерзім белгіленді. Бірлестік осы жылдың маусымын қош көріп отыр. Іске қосу уақытының кейінге қалуына тек ауа райы ғана себеп емес.

Қостанай облысының индустрияландыру Картасына кіретін жобалардың қазіргі жағдайы наурыз айының басында кеңейтілген үйлестіру кеңесінде талқыланды. Кәсіпкерлік және индустриялы-инновациялық даму басқармасының басшысы Иса Құдабековтың айтуынша, осы бағдарламаға 2010 жылдан бері енгізілген 95 жобаның ішінде бүгінгі күні тек екеуі ғана проблемалы болып отыр. Жұмысын үш жыл бұрын бастауы қажет болған цемент зауыты олардың қатарында емес. Ол «жүзеге асу барысында».

Естеріңізде салар болсақ, құрылыс басталған уақыт – 2012 жылдың мамыры. Кәсіпорын жылына 500 мың тонна клинкер (отқа төзімді, су жібітпейтін кірпіш) өндірмек. Жоба басталғанда бағасы 9,5 млрд теңге еді. Жүзеге асу барысында 16,6 млрд теңгеге дейін, яғни шамамен екі есе қымбаттап кетті. Өткен жылдың қараша айында, соңғы қадам жасау үшін тағы 2,8 млрд теңге жетпейтіні жайлы сөз қозғалған-ды. Бұл қаражатты зауыт басшылары мен негізгі кредитор «Сбербанк» АҚ бөліп төлеулері керек еді. Бірақ соңында банк қосымша қаржыландырудан бас тартты. Қаражат жетіспеушілігін «Рудный цемент зауыты» ЖШС құрылтайшысы Мұхамеджан Турдахунов кәсіпорынның ашылуын кешеуілдетіп тұрған басты мәселе деп атады.

Мақаланың толық нұсқасын электронды жазылу үшін төлем жүргізгеннен кейін оқи аласыз.   Жазылу>>

Пікірлер