Облыс әкімінің кубогы кімге бұйырды? (ФОТО)

Кеше, желтоқсанның 12-сі күні, Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда республикалық «Жайдарман» ойыны өтті. Облыс әкімінің жүлдесі үшін әзіл сайысына жеті команда келіп қатысты.

Кеш жүргізушісі, «Қазақстан КВН Одағының» президенті Есен Елеукен қостанайлық көрермендерге ыстық сәлемін жолдап, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Сонымен, сайыста бақ сынаған командалар:

  1. «Жаңа ғасыр» (Қостанай);
  2. «Ару.kz» (Арқалық);
  3. «Фемида» (Ақтөбе);
  4. «Дарын құрамасы» (Қостанай);
  5. «Тұран» (Астана);
  6. «Ішкі істер құрамасы» (Қостанай);
  7. «Бес жаңалық» (Солтүстік Қазақстан облысы).

Сайыс қорытындысында, қазылар алқасының шешімімен «Фемида» құрамасы Қостанай облысы әкімінің кубогын иеленіп, 300 мың теңге көлемінде ақшалай жүлдені қанжығысына байлады. Ал, «Дарын құрамасының» ойыншысы Таңшолпан Темірлан «Үздік ойыншы» номинациясына ие болса, петропавлдық «Бес жаңалық» командасы «Үздік әзіл» сыйлығын ұтып алды. Жарыс жеңімпаздарына кубокты Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев табыстады.

Алмас БАЙДРАХМАН

Пікірлер