Бағдарлама жалғасады

Ипотекалық тұрғын үйге қаржылай көмек бағдарламасы жалғасып жатыр. Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде бұл бағдарлама тоқтатылған болатын.

Банкке қайтарылған ақшаны игеру кезінде ипотека аламын деген тұрғындарға тағы да 10 жыл көмек көрсетілетін болып отыр. Бағдарлама көмегімен республика бойынша қайта қаржыландырылған заемдар сомасы шамамен 140 млрд теңгеге жеткен. Бағдарлама бойынша 22 мың тұрғын ипотекалық көмек алған.

Қостанай облысында 2017 жылғы 15 қазанға дейін 782 өтінім келіп түскен. Ол – 3,5 млрд теңге, соның ішінде 2,4 млрд теңгенің 614 өтінімі мақұлданды, қайта қаржыландыруды талап ететін 2,1 млрд теңгенің 577 өтінімі анықталды. (Анықтама: 01.04.2017 ж. берілген 3,4 млрд теңгені құрайтын 777 өтінім бар, мақұлданған өтінім саны 592 жалпы соммасы 2,3 млрд теңгені құрайды, қайта қаржыландыруды талап ететін 561 өтінім бар, жалпы соммасы 2,1 млрд теңге).

Өңірде облыс әкімдігі жанынан ипотекалық көмек бойынша шағымдарды қайта қарау жөнінде арнайы комиссия құрылған. Арнайы комиссия көмектен бас тарту немесе қайта қаржыландыру жөніндегі мәселерді қарайды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 11 сәуірінде мемлекет басшысы Ұлттық Банкке Үкіметпен бірлесіп арнайы бағдарламаға ұсыныстар мен кеңейтулер енгізуге тапсырма берген болатын.

Пікірлер