Былтырғыдан 11% көп

Қарасу ауданында 2017 жылдың 9 айында 24 млрд 480,9 млн теңгенің ауылшаруашылық өнімдері өндірілді. Ол 2016 жылға қарағанда 11% көп. Бұл туралы Қостанай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен өткен жиында Қарасу ауданының әкімі Виктор Ионенко баяндады.

Ағымдағы жылы ауданда 8278,8 тонна ет, 21799,8 тонна сүт, 13 млн 944,7 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2017 жылы аудан бойынша орташа шығымдылық төмендегідей: дәнді дақылдар 13,8 ц/га, майлы дақылдар 7,9 ц/га, картоп 116,7 ц/га, көкөніс 78,3 ц/га. Есепті мерзімге шаруашылықтардың барлық түрлерінде 27749 бас ірі қара, 13801 бас қой-ешкі, 6451 бас жылқы, 247813 құс бар. Мал қыстату кезеңіне 89,8 мың шөп дайындалған.

Пікірлер