Финалға жеті команда өтті

«Мирас» мәдениет үйінде Қостанай ашық лигасының 1/2 финалы, «Шабытты маусым» жайдарман ойындары өткізілді. Бұл сайысқа «Парламент» (ҚинЭУ), «Дарын» (Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты), «Ішкі істер» құрамасы (Ш.Қабылбаев атындағы академия), «Семенов» (Қостанай ауданы), «РИИ жастары» (Рудный), сонымен қатар, Ақтөбе қаласынан «Глюкоза», «Алтықарасу», Петропавл қаласынан «5 жаңалық» командалары қатысты.
Ұтқыр әзілдерімен ерекшеленген «Парламент» жартылай финалдың жеңімпазы атанды. Одан бөлек, ұпайлары шамалас тағы алты команда келесі кезеңге өтті.

Пікірлер