Синоптиктер биылғы қысқа болжам жасады

Синоптиктер биылғы қыстың қандай болатындығына  болжам жасады деп хабарлайды Stan.kz

Жақын үш тәулікте жауын-шашын соңы қарға ұласады. Циклонның жылжу шамасы бойынша және онымен республиканың солтүстік-шығысына суық атмосфералық фронттармен байланысты, солтүстік және шығыс облыстарында қатты қар жауу, батыста ұйытқымалы 23-28 м/с жел, кейбір жерлерде боран, көктайғақ күтіледі.

Жақын тәулікте Қазақстанның оңтүстігінде, 25 қазанда оңтүстік-шығысында, жауын-шашын күтіледі. Еліміздің көп бөлігінде ауа температурасы төмендеп, климаттық нормадан 3-5º С төмен, оңтүстік облыстарда нормаға дейін төмен болады.

Ай бойы суытудың үш толқыны – айдың бірінші, екінші және үшінші онкүндіктерінде болады.

Ұзақ мерзімді болжамдарға сәйкес Қазақстанда қыс ерте басталады. Гидрометорталығының директоры Марина Шмидт: «Қараша айының соңында Қазақстанның солтүстік жартысында түнде ауа температурасы түнде 30º С  дейін, күндіз 15º С  аяз күтіледі. Оңтүстік жартысында түнде — 15º С , күндіз -5º С  дейін аяз күтіледі».

Синоптиктердің ұзақ мерзімді болжамына сәйкес желтоқсанда арктикалық теңіз аудандарынан суық ауа массасының жиі енуінен республиканың шығыс жартысында айтарлықтай суық әрі қарлы, ал батыс жартысында жылы ауа массасының шығуынан – жылы (нормадан 1°С жоғары)  ауа райы күтілуде.

2018 жылғы қаңтар айында Азиялық антициклонының ықпалынан, қар аз болғанымен суық болады. Елдің көп бөлігінде температуралық фон көпжылдық орташа мәннен 1-2°С төмен болады . Тек республиканың батыс және шеткі оңтүстік аймақтарында температуралық фон нормаға сәйкес болады деп күтілуде. Ай ішіндегі жауын-шашын мөлшері батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы және тау бөктері аудандарында нормаға жуық болады.

Ақпан айында мол қар жауып, қатты жел мен боран күтілуде. Осы ретте біздің Республиканың солтүстік-батыс жартысында  ультраполярлық суық ауа массаларының енуімен бірқалыпты аяз күтілуде, ал еліміздің  оңтүстік-шығыс жартысында оңтүстік циклондардың жиі шығуымен температуралық фон климаттық нормаға сәйкес болады.

Көктем мезгілінің басталуы құбылмалы болады: жиі жауын-шашынмен, қатты желді күндер көктемгі жылы және ашық күндермен алмасып тұратын болады

2017 жылғы қараша – 2018 жылғы наурыз аралығына арналған ауа райы болжамы ТЖ қызметіне және жергілікті атқарушы органдарға қыс аралығындағы дайындық үшін жолданған болатын.

Спикерлер атап өткендей, маусымдық болжам 60% дәлелділікпен консультациялық сипатта беріліп отыр, ол кейіннен айлық, он күндіктік ауа райы болжамдарымен және осыдан қысқа мерзімді болжамдармен нақтыланатын болады.

Дереккөз: Stan.kz

 

Пікірлер