АУЫЗ СУДЫҢ АЗАБЫ

Жер шарының 70% өзіміз күнде тұтынып немесе пайдаланып жүрген судан тұрады. Солай бола тұрса да, бүгінде әлем халқының 70% суға зәру. Бұл жағдай 2025 жылға қарай тіпті ушыға түспек. Алдағы 15-20 жылда осы су мәселелері жаһанда ең басты және өткір проблемаға айналуы мүмкін. Қазақстанда 68 ауыл өзен суын ішіп отыр. Мұндай жағымсыз жаңалық анау-мынау емес, Мәжілістің мінберінен айтылды. Әлем үшін 10 жаһандық қатердің қатарына жататын су тапшылығы Қазақстан үшін де проблемаға айналып отыр. Қазақстанда 3 мыңға жуық елді мекен орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз етілмеген. Яғни, 2,7 млн қазақстандық үшін сапалы су қолжетімсіз деген сөз. Қазақстан тәуелсіздігінің 26 жылында осы ауыз су мәселесін түбегейлі шеше алмай келеді.

Айналайын, «Ақбұлақ»

2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қала тұрғындарының 92,9%, ал ауылдағы ағайынның тек 55,6% орталықтандырылған сумен жабдықталған. Халықты сапалы ауыз сумен қамту 2002 жылдан бері қолға алынған шаруа еді. Осы 15 жыл ішінде 3 салалық бағдарлама қабылданыпты. 2002-2010 жылдары – «Ауызсу», 2011-2014 жылдары – «Ақбұлақ» бағдарламалары жұмыс істеді, енді «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейін бағдарламасы» қабылданды. Үш бағдарламадан да ақша үнемделген жоқ. «Ауызсу» бағдарламасы аясында 205 млрд бөлінсе, «Ақбұлаққа» 670 млрд теңге қаржы бөлінген.

Премьер-Министрдің орынбасары һәм Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтің айтуынша, халықтың 87% таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Алайда, 2,7 мл адам үшін сапалы ауыз су қолжетімсіз күйінде қалып отыр. «Жалпы, осы 2,7 млн адамды толықтай ауыз сумен қамтамасыз ету үшін осы күнгі қаржыландыру көлемін сақтап қалғанның өзінде проблеманы шешу 2027 жылы ғана мүмкін болмақ. Ал жылдық қаржыландыруды 100 млрд теңгеге дейін жеткізгенде 2025 жылға қарай шешуге болар еді. Өйткені оның жиынтық сомасы – 717 млрд теңге», – дейді Асқар Мырзахметов.

Суы қымбат Қостанай

Судың да сұрауы бар. Біздегі су бағасының ең арзаны бір текше метріне – 8,5 теңге деп белгіленсе, ең қымбаты – 3,5 мың теңге. Сол қымбат су Қостанай облысында.

Мақаланың толық нұсқасын электронды жазылу үшін төлем жүргізгеннен кейін оқи аласыз.   Жазылу>>

Пікірлер