Қазына қаржысын қадағалау әлсіз

Уақыттың өзі қаржыға теңелген заманда әр тиынның құны жоғары. Әсіресе, бюджеттің уақытылы игерілмеуі елдің экономикалық-әлеуметтік ахуалын оңалтуға кедергі болары анық. Еліміздің бас қаржыгері Бақыт Сұлтанов жыл соңына таяғанда миллиардтаған қаражаттың еңсерілмей қалуының үш себебін атады. Олар: өнім берушілердің шарт міндеттемелерін орындамауы; өтпеген конкурстар; төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың болмауына немесе берілмеуіне байланысты жұмыстарды жүргізу кестесінен қалып қоюы.

Қаржының игерілмей қалуы жыл сайын қайталанатын «жырға» айналды. Биыл қазына қамбасында түртусіз қалған ақша 135,7 млрд теңгеге жетті. Қаржы министрі солай деді. Аз қаржы емес. Бұған біраз жыртықты жамап алуға болар еді. Кезінде үкіметтегі ел экономикасының жай-күйіне жауапты болған бұрынғы министр Ерболат Досаев дәл осы мәселені ас қорыту жүйесінің бұзылуы, яғни, «асқазанның созылмалы қорытпауы» деген «диагноз» қойған болатын. Бұл теңеу әлі де өз мәнін жойған жоқ. Бұған қарап мынадай қорытынды жасауға болады: бюджет қаржысының дер кезінде орындалуына бақылау жеткіліксіз. Мемлекеттік қаржыны басқару жүйесі сапасыз.

Мақаланың толық нұсқасын электронды жазылу үшін төлем жүргізгеннен кейін оқи аласыз.   Жазылу>>

Пікірлер