ҚОҚЫСТА ЖАТҚАН «МИЛЛИАРДТАР»

Қоқыс полигоны. Исі қолқаны алады. Төбе болып үйілген қалдықтар қара қарғалардың қонысына айналған. Қарқ-қарқ... Қарғалар қоқыстың қызығын көріп жатыр, Ал, мамандар біздің қоқыс полигондарында 60 миллиард теңгенің таза пайдасы шіріп жатыр дегенді айтады.

Қазір Қазақстанда 4 мыңға жуық қоқыс полигоны бар. Онда 43 млрд тонна қоқыс жиналған. Соның тек 10% ғана өңдеуге әліміз әрең жетіп жүр. Қалғаны көмуге жіберіледі немесе қауіпті үйінділердің маңына төгіледі. Өйткені, арнайы қоқыс полигондарының сыйымдылығы еліміздегі қоқыс көлемінің ұлғаю жылдамдығына шыдас бере алмай тұр. Дат физигі Нильс Бор айтқандай, мұндай қарқынмен таяу болашақта өз қалдығымызға өзіміз көмілуіміз ғажап емес. Оның үстіне, қоқыс полигондарының көпшілігінде қалдық сақтау стандарттары жолға қойылмаған. Жоғарыда айтқан 4 мың полигонның тек 85% ғана экологиялық талаптарға сай.

Қазақстанды қоқыстан қалай тазартуға болады? Мамандар бұл жұмысты халықтың мәдениетінен бастау керек десе, енді бірі бұл салаға бизнестің бетбұрысы қажет дейді. Елге екеуі де маңызды, дегенмен соңғы пікірдің уәжі басым.

Кәсіпкер, эколог және ештеңеге бей-жай қарай алмайтын азамат. Әзілхан бізге өзін осылай деп таныстырды. Қоқыс өңдеу секілді таңсық бизнеске бет бұрғалы бір жылдың жүзі болыпты,  шағын зауытына 15 милллион теңге қаржы құйыпты. Бір жыл тек шығынға жұмыс істеген зауыт осы жылдың қаңтар айында ғана өз-өзін ақтай бастаған.

Мақаланың толық нұсқасын электронды жазылу үшін төлем жүргізгеннен кейін оқи аласыз.   Жазылу>>

Пікірлер