МӘДЕНИЕТ ҚАЙДА?…

Біз соңғы уақытта жиі айтып жүрген «рухани жаңғыру» тіркесіне тікелей қатысты бір фактор бар. Ол – мәдениет. Яғни, рухани жаңғыру үшін мәдениеттің жоғары болмағы шарт. Мәдениетті ел деген не? Мәдениеті жоғары елде баланы қоқысқа лақтырмайды, мәдениеті жоғары елде қылмыс өршімейді, мәдениеті жоғары елде надандық болмайды... Бұл тізбекті тоқтаусыз жалғастыра беруге болады. Ал, Қазақстан қандай ел? Мәдениеті қай деңгейде?

Клуб пен құлып

Біздегі мәдениетте мәселе көп. Қазір Қазақстанда барлығы 7 мың 600 мәдени нысан бар. Ал, 1995 жылы бұл көрсеткіш 13 мың 223 болған екен. 22 жылда 5 мың 625 нысанға қара құлып салынған. Тек 2012-2017 жылдар аралығында елде 261 мәдениет ошағы жабылса, соның 149-ы ауылдық кітапханалар мен 109 клуб. Сондай-ақ, ауылдағы кітапхананың 67% апатты жағдайда тұрғанын ескерсек, бүгінгі қоғамды кітап оқымайды деп кінәлаудың өзі әбестік шығар. Жабылудан Солтүстік Қазақстан, Қостанай мен Ақмола облысы «жарысып» тұр. Сондай-ақ бір анықталғаны – осы 3 өңірдегі ағайындардың қалаға көшу үдерісі көп. Елдегі 388 мұражайдың 67-сінің хәлі мүшкіл, жылу жоқ, жөндеу керек. Қазақстандықтардың мәдениетке деген көзқарасы да төмен. Елде кинотеатрға баратындардың саны музейден 3, ал театрдан 8 есе көп болып шықты.

Жалақы мен қаламақы

Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы келер жылдан бастап біртіндеп көтеріледі. Мәжілісте өткен үкімет сағаты аясында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осылай мәлімдеді.

Мақаланың толық нұсқасын электронды жазылу үшін төлем жүргізгеннен кейін оқи аласыз.   Жазылу>>

Пікірлер