Сақтануға деген салғырттық…

Қазақстандықтар сақтандыруға салғырт қарайды. Соңғы 10 жылда барлық сақтандыру ұйымдарының сыйақылары мен активтерінің өлшемі ЖІӨ-ге шаққанда 2% аспайды. Қазақстан сақтандыру секторында тек дамыған елдерден артта қалып отырған жоқ. Мысалы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде ЖІӨ-ге шаққандағы сыйақы – 7,5%, посткеңестік кеңістіктегі бірқатар көршілерімізден де арттамыз. Сондықтан, ұлттық банк сақтандыру саласын сауықтыруды қолға алмақ.

Өткен аптада ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Жанат Құрманов Мәжілісте «Сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы» заң жобасын таныстырды. Сонымен, құжат не дейді?

Жаңа заң жобасы 3 кодекске және 19 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Құжаттың басты жаңалығы – Қазақстанда онлайн сақтандыру қызметі пайда болады. «Әлемде онлайн сатып алушылардың үлесі – 40%. 2015 жылы 79% тұтынушылар сақтандыруды таяу жылдары электронды каналдар арқылы сатып алуға дайын екенін білдірді. Мәселен, Ұлыбритания тұрғындарының 70% астамы сақтандыруды телефон немесе интернет желісі арқылы сатып алады. Францияда полисті онлайн сатып алатын клиенттердің үлесі шамамен – 50%», – дейді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Мақаланың толық нұсқасын электронды жазылу үшін төлем жүргізгеннен кейін оқи аласыз. Жазылу>>

Пікірлер