Аманкелділіктерге үндеу: Ерлердің еңбегіне ескерткіш қою керек

Поштамызға Аманкелді ауданынан хат келіп түсті. Газет оқырманы, еңбек ардагері Мұхтар Қажы Ходенұлы ауданның 90 жылдығы қарсаңында жерлестеріне үндеу жолдапты. Ақсақал аманкелділік азаматтарды үлгілі істерге шақырады. 

Қымбатты жерлестер! Алдағы 2018 жылы Аманкелді ауданының құрылғанына 90 жыл толады. Осы мерзім ішінде аудан халқы талай белестерден өтіп, қилы-қилы кезеңдерді басынан кешірді. Дегенмен, осы елдің азаматтары әр уақытта экономиканың ортақ қазанын нығайтуға, халықтың әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық дәрежесін көтеруге қомақты үлес қосып, жан-тәнімен еңбек етті.

Сонау 1928 жылдан 1971 жылға дейін облыс орталықтары болған Ақтөбе, Қостанай қалаларынан тым шалғай болуы кез келген мәселеде біздің өңірге өте ауыр тиді. Құбылмалы саясаттың қиындығына душар болып, басқа өңірлерден кейіндеу дамығанын өткен аға буын әлі де ұмытқан жоқ. Оны ұмыту да мүмкін емес! «Уақыт – емші» деген, тән жарасы жазылғанмен, жан жарасының жазылуы – қиынның қиыны екені белгілі.

Мақаланың толық нұсқасын электронды жазылу үшін төлем жүргізгеннен кейін оқи аласыз.
Жазылу>>

Пікірлер