Ерлердің ісі ескерткішке лайық

Естеріңізде болса, өткен жолы газетімізде аманкелділік ақсақал Мұхтар қажы Ходенұлының «Ерлердің еңбегіне ескерткіш қою керек» атты үндеуі жарық көрген болатын. Редакциямызға өткен келіп түскен кезекті хатта автор басылым ұжымына ақжарма лебізін жазып, үндеудегі ұсынысты толық қолдайтынын білдірген. 

 Құрметті «Нұрлы таң» редакциясы!

Газеттеріңізді алып тұрамын. Өресі мен танымы кең әртүрлі тақырыпты жазасыздар. Оқырманның күтетіні де осы. Бұл – жақсы іс.

Келінім мектепте істейді. Оны кейбір басылымдарға еркінен тыс қинап жаздырады. Жасыратыны жоқ, олардың көбісін жай парақтаймын да, кейін қоя саламын. Ел ішінде газеттің беделін осыдан-ақ аңғаруға болады ғой...

Елге сыйлы еңбек ардагері, жерлесіміз Мұхтар қажы Ходенұлының сіздердің газеттеріңізде жарияланған үндеуін оқып, қатты риза болдым.

Тың және тыңайған жерлерді игеру ертеден жоспарда бар іс еді. Н.С. Хрущев өзін елге тез танытуы үшін осы істі тездетіп қолға алған. Науқан бүкіл Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы, ал біздің ауданда 1960 жылдан басталды. Яғни, мол тәжірибе жинақталып, қалыптасқан алты жылдан соң барып, елге келген екен.

...1933-1960 жылдары ел экономикасын өркендету үшін жалаңаш қолымен жұмыс істеп, қиындықтарды еңсерген азаматтарды өткен жолғы газетте Мұхтар қажы тізбектеп беріпті. Тізімді қайта-қайта оқып шықтым, 44 адам екен. Қазір өзін-өзі жан ұшыра жариялап, жарнамалатқызған, елге түк пайдасы жоқ, қадір-қасиеті аз өтірік жақсылар мен даңққұмар мақтаншақтар көбейіп кетті ғой. Билік басындағылардың көбі атақ, марапатқа ынтық. Ал, үндеудегі тізімде ондай атаққұмарлар жоқ екеніне көзім жетті. Қайта-қайта оқуымның бір себебі осы болатын. Олар өзін мақтаушылар емес, елі мақтағандар еді. Еске түспеген шығар, қалып қойғандары да бар екен. Олар мыналар еді:

Мақаланың толық нұсқасын электронды жазылу үшін төлем жүргізгеннен кейін оқи аласыз.   Жазылу>>

Пікірлер