Маршал МАКЛЮЭН: Бар мәселе БАҚ-та!

Әлем елдерінде мемлекет басында болған қайраткер-журналистер аз болмаған. «Мамандығым – журналист» деп жар салған күн көсем Лениннен бастап, партия, мемлекет билігіне ие болған қайраткерлер әлемдік саясатта ойып тұрып орын алған.

Нобель сыйлығын иеленген екі журналист бар
Ұлыбританияның ХХ ғасырдағы ең атақты премьер-министрі У.Черчилль журналистиканы кәсіп етіп танымалдыққа кеңінен ие болған саясаткер. Кейін ол мемлекет ісінде болғанда да қаламын тастамаған. Осыдан үш жыл бұрын Йемен Республикасының 27 жастағы журналист қызы Тавакуль Карман бейбітшілік жолындағы күресі үшін Нобель сыйлығын иемденді.
Мәдениеттің ақпараттық-коммуникациялық типологиясын жасау жолында талайлардың тер төккені белгілі. Мәдениеттердің түр-түрін ақпарат тасымалдау көзінің өзгерістерімен байланыстыратын ғалымдардың ішіндегі ең танымал әрі ең беделді деген зерттеушілерге келетін болсақ, солардың арасынан Маршал Маклюэнге ерекше тоқталып өткен абзал болар еді. Оның әлемге танымал еңбегінің концепциясында «Бар мәселе – БАҚ-та!» деген ұстын жатыр…

Пікірлер