Әзімбай ҒАЛИ: Демократияны кеңейте түсуіміз керек

Белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғали қашанда ашық та салмақты пікірлерімен ерекшеленеді. Сұхбатымыздан да соны аңғаруға болады.

– Мемлекетіміздің, мемлекет құраушы халық өмірінің басты кепілі саналатын Конституцияның жүріп өткен жолына, сол арқылы Қазақ елінің тәуелсіздік жылдарындағы саяси дамуына саясаттанушы ретінде қандай баға берер едіңіз?
– Қазақ елінің ұлттық мүддесіне, мемлекет ретіндегі мақсат-мұратына негізделген Конституцияда елдік мұрат көрініс тапқан деуге болады. Бірақ, қоғамда қалыптасқан ахуал кей жағдайда Ата заңмен бекітілген дүниелердің қолданысқа өз дәрежесінде ене алмай отырғандығын көрсетеді. Ата заң – бұл басты құжат. Демек, Ата заңның жүріп өткен жолы мен тәуелсіздік жылдарындағы саяси дамуды ажыратып қарау дұрыс болмас.
Тәуелсіздік жылдарындағы даму барысымыз жаман да, асып бара жатқан керемет те емес. Өйткені, елімізде жасалған экономикалық, әлеуметтік реформалар қайта қарауды, қайта жасауды, жаңартуды, жетілдіруді қажет етеді.
Рас, ауыл шаруашылығындағы аграрлық сектордағы бидай шаруашылығы өте жоғары деңгейде дамыды. АҚШ, Австралия, Канада тұрғанда Қазақ елінің де жоғарыдан көрінуі – үлкен көрсеткіш…

Пікірлер