Мәкен КӘРІМЖАНОВА: Саусақ – ашық жатқан карта сияқты

Өмірде жақсылыққа адал еңбегімен қол жеткізген адам – шын бақытты. Сондай бақытты жанның бірі – Мәкен Кәрімжанова. Өмірінің 60 жылында бір қалада тұрып, бір мекемеде қызмет істеп, еңбек демалысына шыққан адам қандай құрметке де лайық. Бүгін біз қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш милиция капитаны, тұңғыш дактилоскопия маманы Мәкен апайды әңгімеге тартып отырмыз.

– Мәкен апай, қыз баланың жүрегі дауалай бермейтін мамандықты таңдауда жаңылысқан жоқсыз ба? Осы жолға қалай келдіңіз, сол туралы айта кетсеңіз...

– Мен соғыс жылдары Семей облысынан Алматыға оқу іздеп келіп, осында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында білім алдым. Оқу озаты ретінде 1945-1946 жылдары қатарынан екі рет Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен Бүкілодақтық дене шынықтыру және спорт ойындарының шеруіне делегат болып қатысу бақытына ие болдым. Қазақстан Орталық комсомол комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталдым. Бірнеше жыл Семей қаласында мұғалімдер дайындайтын училищеде мұғалім болып істегеннен кейінгі бар өмірім ішкі істер саласында өтті.

– 1961-1987 жылдары Алматы қаласында облыстық ішкі істер басқармасында жедел-оперативтік қызмет атқарып, осы салада 25 жыл мінсіз жұмыс істеген соң, еңбек демалысына шыққан көрінесіз...

– Иә, осы салада ширек ғасыр қызмет атқарып, еңбек демалысына шықтым. Демалыс дегені болмаса, ішкі істер саласының құрамынан шығып қалған емеспін. Аға оперативті жедел өкіл, майор дәрежесінде қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш дактилоскопия маманы ретінде мақтана аламын. 17 жыл қатарынан Ішкі істер министрлігінің Құрмет тақтасынан суретім түскен емес. Көптеген медальдармен марапатталдым.

– Өте жауапты, өте сезімтал саланы таңдауыңызға не себеп болды?

– Ол жылдары оқыған мамандар тапшы болатын. Ішкі істер министрі болып қызмет атқаратын Шырақбек Қабылбаев мені осы салаға баулып, ең жауапты жұмыстарға тартты. Шындығында, бұл салада менен басқа өзіміздің ұлттан өзге жан болмады. Сондықтан қызмет барысында ұятқа қалмас үшін барынша үйренуге тырыстым.

– Дактилоскопия сөзі – грек тілінен аударғанда «саусақты көріп тұрмын» деген ұғымды береді екен. Оны ең алғашқы болып қалай тәжірибеден өткізгеніңіз туралы айта аласыз ба?

– Бұл ғылыми термин алғаш рет 1877 жылы Үндістанда жергілікті тұрғындардың алақанындағы түрлі сызықтарды зерттеп жүрген ағылшын текті Вильям Гершел деген азамат ойлап тапқан. Ал біздің дәуірімізге дейінгі 700-жылдары қытайлар саусақтан таңба алуды ең алғаш қолданысқа енгізген көрінеді.

Саусақ ізі (өрнек) – әлемде қанша адам болса, бірде-бірі оны қайталамайды. Ол өмір бойы өзгеріске де түспейді. Оны папи­ллярлық өрнек деп немесе ғылым тілінде рельефті сурет деп те аталады. Папиллярлық өрнек сәбидің 7 айлығында білінеді. Бір жұмыртқадан жаралған егіздердің өзінде ол әртүрлі болып келеді. Жалпы, бүгінгі ғылым 2 мың жылдан кейін саусақ ізі өзгеріске ұшырайтынын айтады.

– Адамның мінез-құлқын жазу қолтаңбасына қарап-ақ, білуге болатын көрінеді. Бұл жөнінде не айтуға болады?

– Алақан мен саусақтың құдіретін білген әлем елінің ғалымдары ғылыми орталықтар құрып, арнайы зерттеулер жасаумен көптен бері шұғылданып келеді. Қолдың сыртқы формасы да әртүрлі болуына қарай олардың құрылымдық ерекшелігі де адамның қандай екендігін таныта алады. Қолдың аумағынан басқа өңіне қарап та, адамның мінез-құлқын білуге болады. Қолдың сыртқы кескінінің 150-ге жуық түрі бар екен. Ал ғылымда оның 7 түрі ғана дәлелденген.

Алақан терісі түсінің тым қызыл болуы – жан-жағында болатын жағдайларға тез араласып, адамдарды бірден жақсы көруге ұмтылғанын білдіреді. Алақан терісі боп-боз болса...

Мақаланың толық нұсқасын электронды жазылу үшін төлем жүргізгеннен кейін оқи аласыз.   Жазылу>>

 

Пікірлер