Олар жайлы ойлар…

Әйелдiң махаббатымен тазармаған, оның ерлiк-iстерiнен қуат алмаған және оның нәзiк парсаттылығымен басқарылмаған адамды байыпты өмiр сүрдi деп айтуға әсте болмайды.
Дж. Рескин

Әйел деген құрыштан соғылған жиһаз емес, ол – гүл. Оған әбжiлдiктiң тiптi керегi жоқ, ол үшiн баяу ғана «күнiм» деген сөз керек. Қатулы қабақпен өлермен болып жұмыс iстегеннен гөрi, күн сайын оған жанға жәйлi бiр сөз айтқан абзал.
Ремарк

Әйел болып тумайды, ол бiрте-бiрте қалыптасады.
С.Бовуар

Сұлу әйел – көз алдыңдағы жәннат, жан-жүрегiң үшiн – тозақ, ал қалтаң үшiн – тазартқыш.
Б.Фонтенель

Әйел – бiр мезетте тәтті алма және жылан.
Г.Гейне

Менiң барлық соғыстарымның iшiндегi ең жойқын соғыс – әйелiм Олипиамен болған соғыс болды.
А.Македонский

Ерлi-зайыпты жұптасып өмiр сүрген уақытта әйелiң сенi қайтсе де бағындырудың жолын iздеп, үнемi бес қаруын асынып жүрген оппонентiң.
Эзоп

Әйелдi сенiмдiлiкке тәрбиелей жүрiп, одан шыншылдықты талап етпеңiз, себебi, олардың өмiрдегi барлық мақсаты – адамдарға ұнау.
М.Эбнер-Эшенбах

Әйелдер – жеңiс үшiн өздерiн құрбандыққа да шалып жiберетiн шахматшылар сияқты.
С.Скотников

Әйелдер – өте қиын халық, бiрақ оларсыз тағы болмайды.
О.Бальзак

Ерлер мен әйелдердiң ортасында өмiр сүру үшiн бiз әр адамның өзiмен-өзi болуына мүмкiндiк беруiмiз керек.
А.Шопенгауэр

Әйел – футбол алаңында тәртiп бұзғаны үшiн сары белгi көрсетсе де, еш уақытта қызыл карточка көрсетпейтiн судья сияқты.
Марчелло Мастрояни

Әйелдiң көз жасы – әңгiменi басқа жолмен жалғастыратын құрал.
Бертран Рассел

Ер адамның өтiрiк айту себебiн әйелдер мен дәрiгерлер ғана бiледi.
Анатоль Франс 

Қажеттiлiк туғанда ғана өтiрiк айтқан әйелдi шынайы, адал әйелге жатқызуға болады.
***

Махаббатта еркектерге сыртқы әлемнiң бояулары керек. Еркектер түрлi образдарды ұнатса, әйелдерге кiшкене ғана сезiм жетiп жатыр. Олар бұл iсте бiзден гөрi сезiмтал, бiрақ бiзден гөрi соқыр.
***

Әйелдер сымбатты жiгiттерге қызығып қарайды, ақылды жiгiттердi сыйлайды, мейiрiмдi жiгiттердi сүйедi, алайда күйеуге солардың ең күштiлерiне шығады.
В.Ключевский

Түн – жұлдыздар мен әйелдердiң ғана шырағын жағады.
Д.Байрон

Әйелдер жан-дүниеңдi жаралауды қандай шеберлiкпен меңгерсе, сол жараны емдеп жазуға келгенде де алдына жан салмайды.
Барбе д, Орвиль

Әйелдi түзетудiң құралы: оған идеал ретiнде салынған портреттi көрсетiп, мiне, мынау сен деу керек. Әйел сол сәттен-ақ, қызғаныштан өзiн сол портреттiң тұпнұсқасы қылып көрсетуге тырысып бағады.
В.Ключевский

Шаруаға – жер, көпеске – құрмет, жауынгерге – соғыс, саудагерге – ақша, әйелге – барлық әлем қажет.
Поляк мақалы

Жалпы, жер бетiнде жалғыз әйел қалса да, әйелдер туралы жаңа бiрдеңе айтуға болады.
С.Буффлер

Уақытты әйел ғана тоқтата алады.
Юзев Булатович

Әйел болу өте қиын, себебi оның барлық негiзгi жұмысы еркектермен байланысты.
Д.Конрад

Егер әйелдер туралы бiрдеңе жазғың келсе, қаламсабыңды кемпiрқосаққа бiр малып ал да, көбелектiң қанатындағы шаңды сiлкiп жiбер.
Д.Дидро

Еркектер мен әйелдер – нотаның екi пернесi сияқты. Оларсыз адамзат жүрегiнiң соғысы толық және дұрыс мәнiнде аккорд бере алмайды.
Д.Мадзини

Жазуды еркектер өте шебер меңгергендiктен, ондағы барлық бақытсыздықтардың иесi әйелдер болып келедi.
Сэмюэл Джонсон

Әйелдер жеңiлгендердi жақсы көредi, алайда оларды жеңiмпаздармен тез арада алмастырып жiбередi.
Теннесси Уильямс

Әйелдер екi рудан: сұлу және опаланған таптан тұрады.
Оскар Уайльд

Күйеуге шығу дегенiңiз – шығын шығармайтын адамға үйдiң иесi екенiн бiлдiру үшiн берiлетiн пара.
Торнтон Уайлдер

Биязы, әдептi қыз еш уақытта жiгiттердiң соңынан қумайды. Қақпанның тышқанның соңынан қуғанын қайдан көрдiңiз?
***

Әйелдерге өздерi үшiн бәрiнен айрылған жiгiттердiң ақыл-ой парасатын берсе, ақылы артар едi.
***

Әйелдерге ешқашан уақыт жеткен емес.
Юлиан Тувим

Сүйген әйелге қалауынша, не болса да бiрнәрсе жасату жеңiлiрек.
Марчелло Мастрояни

Әйелдердi ара-тұра басқару үшiн де, оған жиi-жиi бағынып тұру қажет.
В.Гюго

Өзiн-өзi төмен санайтын әйел, барлық әйелдердiң бағасын түсiредi.
Н. Маккланг

Маған бiрнеше әйелдiң басын қосқаннан, бүкiл Еуропаны бiрiктiрген жеңiл.
Людовик ХIV

Әйелдер үйлерiнде – қарға, қоғамдық ортада – тотықұс, ал жеке-дара кездесуде – кептер сияқты.
П.Вебер

Қарақшылар әмиян немесе өмiрiңдi қалауды сұрайды, ал әйелдер екеуiне қоса басқа нәрсенi де сұрайды.
С.Батлер

Әйел – қызметкердi, ақынды немесе суретшiнi еңбекқорлығы үшiн, яки оны әдемi бiр бұйым ретiнде сүюi мүмкiн, алайда ол ғалымға немқұрайлы қарайды, дiни ағартушыға сенiм көрсетедi, бай жiгiтке құрметпен қарайды, ал әскери адамға жүрегiн сыйлайды.
П.Прудон

Әйелдер бiздiң қателiктерiмiз түгiл, өздерiнiң де қателiктерiн кешiрмейдi.
А.Камю

Барлық дүние адамдардың қолында, ал адам әйелдердiң қолында.
А.Фюрстенберг

Егер әйелдер болмаса, әлемдегi барлық ақшаның ешқандай маңызы мен қадір-қасиетi болмас едi.
А.Онассис

Барлық әйелдер жас, бiрақ кейбiреулерi одан да жасырақ.
М.Ашар

Екi әйел түптiң түбiнде үшiншi әйелдiң есебiнен келiсiмге келедi.
С.Гитри

Егер әйелдiң тiлi қысқа болса, еркектiң өмiрi ұзағырақ болар едi.
Молдован мақалы

Әйелдер еркектердiң ұлы ерлiк жасауына күш-қайрат бередi де, бiрақ оны жүзеге асыруға уақыт бермейдi.
Г.Флобер

Дайындаған Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ

Пікірлер