Цифрландыру: денсаулық сақтау саласы

Отандық медицина саласын тағы бір реформа күтіп тұр. Биылдан бастап елдегі медициналық мекемелер электронды форматқа ауысады. Қазір пилоттық жоба Ақмола, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында жүзеге асып жатыр. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов дәрігерлер қағазбастылықтан құтылса, қызмет көрсету сапасы артады деп сенеді. Ол осы дүйсенбіде Парламент Мәжілісінде өткен үкімет сағатында саланы сандық форматқа көшіру барысында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Министр Мәжіліс мінберінен 2020 жылға дейін денсаулық сақтау саласы қағазбастылықтан толық арылады деп мәлімдеді. Алайда, депутаттар министрдің бұл мәлімдемесіне күмәнмен қарайды. Неге?

«Игіліксіз» интернет

Елжан Біртанов денсаулық сақтау саласын сандық форматқа ауыстыруды кейінге шегермеу керек дейді. Себебі, бұл – заман талабы. Сарапшылардың болжамынша, алдағы екі жылда әлем бойынша электронды форматта сақталатын денсаулық деректерінің көлемі 2,3 млрд Гбайтқа жетпек. Қазақстан да қалыспақ емес. Биылдан бастап еліміздің төрт өңірінің медициналық мекемелері қағаздан құтылып, электронды форматқа ауысқан. Яғни, қаламсап ұстаған дәрігерді енді көрмейсіз. Бәрі компьютерге теріледі, компьютерде сақталады.

Әр қазақстандықтың электронды денсаулық паспорты болуы шарт. Бұл осыдан 10 жыл бұрын айтылған мәселе еді. Бірақ, әлі күнге жете алмай келеміз, кедергі көп. Соның бірі – интернеттің қолжетімсіздігі. Ауруханалардың интернетпен қамтылуы кейбір өңірлерде 14% деңгейінде қалып отыр. Денсаулық сақтау саласын сандық форматқа ауыстыру идеясы кейбір депутаттардың ашуын шақырды.

Мақаланың толық нұсқасын электронды жазылу үшін төлем жүргізгеннен кейін оқи аласыз.   Жазылу>>

Пікірлер