Вагон жетпейді – бір, бағасы арзан – екі…

Биыл ел диқандары 21,7 млн тонна астық жинады. Орташа өнімділік гектарына 14,2 центнерден болды. Жиналған өнімнің 9,1 млн тоннасы бидай және ұн түрінде экспортталады. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 400 тоннаға артық. Алайда, осы астықты тасымалдайтын вагон жетіспей жатыр. Осы желтоқсан айының өзінде жүк жөнелтушілер 1,3 млн тонна астық пен ұнды экспорттауды көздеп отыр. Бұл ретте 16,5 мың вагон қажет болмақ, яғни 11 940 астық тасымалдайтын вагон мен 4 776 жабық вагон қажет. Алайда, тапшы. Бізде бас-аяғы 9 мың вагон бар. Оның өзі дұрыс пайдаланылмай отыр...

Осы аптада Мәжілісте 2017 жылдың астығын тасымалдауға арналған отырыс өтті. Аграрлық комитеттің депутаттары қажетті құрылымдардың өкілдерін шақырып, вагон жетіспеушілігін шешудің жолдарын талқылады.

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұржан Әлтаевтың айтуынша, вагон тапшылығына бірнеше фактор әсер еткен. Оның біріншісі, биыл Ресей мен Украинада астық бітік шығып, Әзербайжан, Грузия және Түркия секілді дәстүрлі нарықтардың сұранысын өтеп қойған. Ал, қазақстандық өнім Ауғанстан асырылған. Алайда, ол елдің инфрақұрылымы астық қабылдауға дайын болмай, бүгінде Ауғанстанның Галаба стансасында біздің 3,5 мың вагон қаңтарылып тұр. Олар 4 қарашада жөнелтілгенімен, Қазақстанға әлі оралмаған. Вице-министрдің атап өтуінше, 2018 жылдың көктеміне дейін бидай импортына Иран тарапы енгізген шектеумен саладағы жағдай ушыға түскен.

Мақаланың толық нұсқасын электронды жазылу үшін төлем жүргізгеннен кейін оқи аласыз.   Жазылу>>

Пікірлер