ЖЕР ДАУЫ – ЕЛ ДАУЫ

«Қазіргі қазақ мәселесінің ең зоры – жер мәселесі. Бұл турасында түсініп жетпей қателесіп, қазақты теріс жолға салғанымыз бес миллион адамның обалын мойнымызға жүктейміз. Сондықтан бұл турада қазаққа ақыл айтқанымыз қазақ та һәм басқалар да қате ұқпастай етіп, анықтап, ашып сөйлескеніміз абзал», – депті Ахмет Байтұрсынұлы («Қазақ» газеті, № 48, 1914 жыл). Бұл – Ахаңның осыдан бір ғасыр бұрын жазып кеткені. Сол кездегі 5 млн қазақты жер мәселесі алаңдатып еді, бүгін 18 миллионға жеткен ХХІ ғасыр қазақтары үшін де зор мәселеге айналып отыр...

2015 жылғы қараша айында «Жер туралы Кодекске» енген баптарға байланысты, «1,7 млн гектар жер сатуға шығарылатын болды» деген хабар таралғаны сол екен, ұйқылы-ояу жатқан қазақ қауымы дүр сілкінді. Алғашқы «жер митингісі» 2016 жылы сәуірдің 24-і күні Атыраудағы Исатай-Махамбет алаңында өтті. Акцияға қатысушылар заңдағы шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерін жалға беру мерзімін 10 жылдан 25 жылға дейін ұзарту және құрамында шетелдіктер бар серіктестіктерге сату туралы баптарға қарсылық білдірді. Бұдан соң бірнеше қалада жер дауына қатысты наразылық акциялары өтті. Осыдан кейін президент Нұрсұлтан Назарбаев олақ заңның даулы баптарына бес жылға мораторий жариялап, заңды талқылау үшін қоғамдық жер комиссиясын құрған болатын. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев, кейін оның орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов төрағалық еткен, құрамына жетпістен астам адам кірген комиссия жаз бойы жұмыс істеді. Оның жұмысының қорытындысы бойынша маңызды ұсыныстар әзірленіп, заң жобасы дайындалды. Ал, өткен аптада Астанада сол заң жобасын Мәжіліс депутаттары талқылап, бірінші оқылымда мақұлдады.

Жер ешкімге сатылмайды!

Жалпы, Қазақстанда ауыл шаруашылығына арналған 102 млн гектар жер бар. Соның 1,3 млн гектары жеке меншіктің қолында. Яғни, бұрын сатылғандар. Енді жер сатылмайды! Өзімізге де, өзгелерге де. Құжаттың өзегі осы.

Жаңа заң жобасында тағы қандай өзекті мәселелер қамтылған?

Мақаланың толық нұсқасын электронды жазылу үшін төлем жүргізгеннен кейін оқи аласыз.   Жазылу>>

Пікірлер