Алаяқ ұсталды

Қостанайда «Kolesa.кz» сайтының қолданушыларын алдап келген алаяқ қолға түсті. Бұл жөнінде Қостанай өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы Амангелді Мұхаметқалиев пен аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Жанар Мұғалова хабарлады.

27 жастағы Қостанай облысының тұрғыны «Kolesa.кz» сайтына автокөлік бөлшектерін нарықтағы құнынан анағұрлым төмен бағамен сату туралы хабарландыру берген. Кейін сайт қолданушыларының сеніміне кіріп, алдын ала ақша төлемін сұрап отырған. Ал алданған сайт пайдаланушылары бөгде адамның есепшотына ақша аударып келген. Оның осы ісіне Қазақстанның тоғыз өнірінің тұрғындары алданған. Күдікті 16 қазанда Ішкі істер департаменті Қылмыстық полиция басқармасының «К» тобы жүргізген жұмыстардың нәтижесінде ұсталды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Келтірген залал мөлшері – 250 мың теңге шамасында. Бірақ бұл сандар әлі нақтыланған жоқ. Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлерінде 36 қылмыстық іс бойынша ұқсас қылмыстарды жасаған бұл азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Пікірлер