Алдағы күндері еліміздің барлық өңірінде 2-5 градусқа нормадан төмендейді

Алдағы күндері еліміздің барлық өңірінде 2-5 градусқа нормадан төмендейді

Синоптиктердің айтуынша, суық арктикалық ауа массаларын басып кіруіне байланысты республикамыздың бүкіл аумақтарында жақын күндерде ауа райының салқындауы және ауа температурасы климаттық нормадан 2-5 градусқа төмен болады.

Көптеген облыстарда сулы қар, көктайғақ күтіледі. Солтүстік өңірімізде батыстан күшті жел соғып, кей жерлерде желдің күші 15-28 метр секундына күшейеді және боран күтіледі.
«Сондай-ақ оңтүстік облыстарда көбіне жауын-шашынды, түнде және таңертең жаңбырдың соңы сулы қарға айналуы мүмкін деп күтіледі», — дейді «Қазгидромет» мамандары.

Пікірлер