Алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан

2017 жылдың алғашқы 9 айында Қостанай облысында алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы бағытында 6 іс тіркелген. Бұл туралы Қостанай өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен өткен жиында облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сәтім Тастайбеков баяндады.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің қорытындысы бойынша алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы бағытында 6 іс тіркеліп, соның үшеуі сотқа жөнелтілген. Сот үкімі заңды күшіне енген істер де бар. Мәселен, Қостанай қаласында жүргізілген тексеріс барысында «Талас» және «Портвейн» шарап өнімдерінің маркасын заңсыз пайдаланған алкоголь өнімдерін шығаратын цех анықталды.Қылмыстық істі тергеу барысында заң бұзушылар ҚР ҚК 233-бабы 2 бөлімі бойынша айыпталды. Сот шешімі негізінде құны 1 миллион теңге болатын 4 712 шарап бөтелкесі және құрамында шарап кездесетін 36 000 литр сусын тәркіленді.

Ал Қарабалық ауданында алкоголь өнімін заңсыз сақтау және сату фактісі тіркелді. ҚР ҚК 214-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, «Қайрақ-авто» шекара бекетіндегі дүкеннен құны 2,3 миллион теңгеден асатын алкоголь өнімі тәркіленді. Сот шешімі бойынша кінәлі тарапқа 500 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Пікірлер