Амангелді ауданы «Сыбаға» бағдарламасының жылдық жоспарын асыра орындады

Амангелді ауданында мал басының артуы ауыл шаруашылығының салалық бағдарламаларының жүзеге асырылуы арқасында мүмкін болып отыр. Бұл туралы Қостанай облысының өнірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен өткен жиында Амангелді ауданының әкімі Нұрлан Өтегенов баяндады.

Мысалы, 2017 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ауданға 75 бас ірі қара мал сатып алу жоспарланған. Ал жергілікті шаруа қожалықтары барлығы 272 бас ірі қара мал сатып алып, жылдық жоспарды 362,7 пайызға орындады. Сондай-ақ, «Құлан» бағдарламасы бойынша 25 бас жылқы малын сатып алу жоспарланған. Осы уақытқа дейін 10 бас жылқы малы сатып алынған. Жылдық жоспар 40% ғана орындалып отыр. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша берілген тапсырма 45 бас қой сатып алу болса, есепті кезеңде 46 бас қой сатып әкелінген. Осылайша жылдық жоспар 102,2% орындалды.

Пікірлер