Баласын автовокзалға тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр

17 маусым күні кешкілік полиция бөлімшесіне Қостанай автовокзалынан бір бала табылғаны туралы хабар келіп түседі. Ана мен балаға арналған бөлмеден жылаған сәбидің дауысын бірінші күзетшілер естіген. Бір жарым жас шамасындағы бөбекті шешесі ұйықтап жатқанда тастап кетсе керек.
Қазіргі таңда баласынан безген әйелдің түр-тұлғасы анықталып, іздестіріліп жатыр. Полицейлер бөбекті «Дельфин» балалар үйіне тапсырған.
Қашқын әйелдің бейнесі автовокзалдағы камераға түсіп қалған. Қандай да бір ақпарат немесе күдіктіні байқасаңыз, ішкі істер органына «102», 8-777-363-04-24 телефондары арқылы хабарлауыңызға болады.

Суретті ІІД Баспасөз қызметі ұсынды

Пікірлер