Дәстүр жанданған күн

Қостанай облысында тұңғыш рет «Қымызмұрындық» фестивалі өтті.

Бал татыған қымыз, балуандар белдесуі, бәйге, алтыбақан басындағы сауық-сайран, қаз-қатар тігілген киіз үйлер… Осынау фестивальдің салтанатын тамашалаушылар да аз болмады.
«Халық таңдауы» байқауына облыс аудандарынан 17 қымыз өндіруші шаруашылық қатысты. Жалпы, қымызмұрындыққа 545 литр қымыз әкелініп, оның 225 литрі халыққа таратылды. Аталмыш байқауда бірінші орынды Жанкелдин ауданынан келген Мәлік Бекет иеленді. Ол 300 мың теңгемен марапатталды. Екінші орын меңдіқаралық Ерлан Айсағалиевқа, үшінші орын Құрманғазы Әбдібековке (Қостанай ауданы) бұйырды.

Пікірлер